Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет18/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Қалай өзгеруге болады? 
Бұның негізінде үш негізгі принцип жатыр: 
Өзгеруге құлықтылық. 
Ақылға бақылау қою. 
Өзіңді және өзгелерді кешіру. 
Өзгеруге құлықтылық туралы жоғарыда айттық, енді ақылға бақылау қою 
туралы айтайық. Біздің бәріміз ақылымызға қарағанда әлдеқайда зорырақ бір нәрсеміз. 
Сіз мүмкін, өміріңіздегі барлық нәрселерге ақыл жауапты деп ойлайтын шығарсыз. 
Бірақ бұндай таным сіздің осылай ойлайтындығыңызға ғана негізделген. Сіздің 
ақылыңыз – бұл олай да, бұлай да қолдануға болатын қару. Ол әрқашан сіздің 
қызметіңізде. Бір минутқа ойыңыздағы «мылжыңды» өшіріңіз де «Сіздің ақылыңыз – 
сіздің қаруыңыз» деген пікірдің мәні туралы ойланыңыз. Оны қалай пайдалануды сіз 
өзіңіз шешесіз. 
Сіз таңдайтын ойлар сіздің барлық өмірлік жағдаяттарыңызды тудырады. Ой 
мен сөзде адам сенбестей күш бар. Сіз өзіңіздің ойыңыз бен сөзіңізге бақылау
жасаған кезде, сіз бұл күшпенен үйлесімде боласыз. Сіздің ақылыңыз сізге бақылау 
жасайды деп ойламаңыз. Тіпті, керісінше, сіз ақылыңызға бақылау жасайсыз.
«Азаттық» жаттығуы 
Терең дем алыңыз, сосын ауаның бәрін сыртқа шығарыңыз. Денеңізді 
босатыңыз. Сосын өзіңізге айтыңыз: «Менің азат болғым келеді. Мен еңсені басқан 
барлық салмақтан босаймын. Өзіммен өзім жарасым табамын. Мен өмір процесінің 
өзінен жарасым табамын. Қауіп-қатерден тыспын». Бұл жаттығуды үш рет қайталаңыз. 
Сіз қиын жағдайда тұрғандай болсаңыз, осы сөздерді қайталаңыз. Сонда бұл сөздер 
сіздің бір бөлшегіңізге айналады және қалыпты болғаны соншалықты, барлық салмақ 
пен күн сайынғы күрес біртіндеп сіздің өміріңізден жоғалады. Денеңізді бос ұстаңыз 
және жақсы нәрсе туралы ойланыңыз. Бұл сондай оңай. 
Тәни босаңсу 
Кейде сізге тәни босаңсу қажет. Біз тап келетін жағдайлардағы келеңсіз 
тәжірибелер мен басымыздан өткеретін эмоциялар көбіне біздің тәнімізде қалады. 
Бұдан тәни азат болу формасының бірі - машинаның немесе үйдің терезесін жауып, 


16 
бар күшіңмен айқай салу. Бар күшіңмен жастықты немесе керуетті ұрғылау – келесі 
залалсыз әдістің бірі. Әртүрлі спортпен шұғылдану немесе жылдам жүру де тура 
осындай нәтижеге алып келеді. Жақында, бір-екі күннің бедерінде иығым сұмдық 
қатты ауырды. Ауруға көңіл аударғым келмеді, бірақ ол кетпеді. Сонда мен өзімнен
сұрадым: «не болып жатыр, мәселе неде? Мені не алаңдатады?». Мен жауап 
таппадым, сондықтан өзіме: «Ендеше, қарап көрелік» дедім. Керуетке екі үлкен 
жастықты қойдым да, оны бар күшіммен төмпештей бастадым. 12 соққыдан кейін мені
не ашуландыратынын анық білдім. Бәрі анық болды, мен жастықты одан сайын ұра 
бастадым, осылай мен өзімді ашулану сезімінен азат еттім. Аяқтап болып, мен өзімді 
әлдеқайда жеңіл сезіндім, ал келесі күні ауру тіптен жоғалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет