15
Біздің бәрімізде де
біз қалай әрекет етіп, қалай ойласақ, тура солай қимылдап,
ойлауымыздың қажеттілігі туралы сезім терең орын алған.
Бұл біздің танымымызға
сәйкес келеді немесе соның көрінісі болып табылады. Егер таным болмаса, онда оның
көрінуі де болмас еді. Біздің бойымызда артық салмақты тудыратын, нашар қарым-
қатынасқа, кедейлікке, көңіл-күйдің
бұзылуына, т.б. алып келетін бірдеңе бар.
Сіз өзіңізге: «Мен бұны ешқашан істемеймін» деп қанша рет қайталадыңыз.
Соған қарамастан сіз тағы да торт жейсіз, тіпті, бұны енді істемеске өзіңізге өзіңіз
уәде берген сол күн
бітпей жатып-ақ, тағы да темекі шегесіз, сізге қымбат адамдарға
дөрекі мінез
көрсетесіз, т.б. Біз өзімізге ренжіп: «Сенде титтей де жігер-күш жоқ! Сен
әлсізсің!», деп
проблеманы одан сайын күрделендіре түсеміз. Бұл өзіміздің иығымызға
арқалап жүрген азаптың адам төзгісіз ауыр жүгін одан сайын ауырлата түседі.
Бұның орнына сіз өзіңізге: «мен өзімді үнемі кемсітіп сезіндіретін жасырын
тілектен азат болғым келеді. Мен өмірдегі барлық жақсылықтарға татимын және мен
өзіме бұны сүйіспеншілікпен қабылдауға рұқсат етемін» деңіз.
Өз танымдарыңызды өзгертсеңіз, сіздің өміріңіз өзгереді!
Біздің әрбір ойымызды өзгертуге болады!
Егер сізді үнемі
қажетсіз ойлар мазаласа, ондай ойларды тоқтатып, оларға:
«Жоғал!» деңіз. Оның орнына сізге сәттілік әкелетін мынадай ойларды қабылдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: