Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


халге жетудің жолы –  кешіруде жатыр.  Кешіру – ренішті сейілту



Pdf көрінісі
бет20/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

халге
жетудің жолы – 
кешіруде жатыр. 
Кешіру – ренішті сейілту
. Оның бірнеше әдісі бар. 
Ренішті сейілтетін жаттығу 
Бір тыныш жерде отырыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Сіз алакөлеңке театрда
отырмын, ал алдымда шағын сахна деп көзге елестетіңіз. Сахнаға сіз кешіруге тиісті 
адамды қойыңыз (дүниеде ең жек көретін адамыңыз). Бұл адам тірі немесе өлі болуы 
мүмкін, сондай-ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтікі не осы шақтікі. Сіз бұл 
адамды анық көрген кезде, ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып 
жатыр деп елестетіңіз. Оны жайдары және бақытты күйде көзіңізге елестетіңіз. Осы
образды өз елестетуіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз, сосын жойып жіберуіңізге 
болады. 
Сосын, сіз кешіруге тиіс адам сахнаны босатады, ол жерге өзіңізді қойыңыз. 
Өзіңізді бақытты да жайдары қылып елестетіңіз. Және Жаратылыстың мейірімі біздің 


17 
бәрімізге де жететінін біліңіз. Бұл жаттығу қордаланған реніштердің қара бұлттарын 
сейілтеді. Кейбіреулерге бұл жаттығу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бұл жаттығуды 
жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады. Бұл жаттығуды бір ай
бойы күніне бір реттен жасап тұрыңыз және қаншалықты жеңілденгеніңізді
бақылаңыз.
«Ойша көзге елестету» жаттығуы 
Міне, тағы бір өте жақсы жаттығу. Өзіңізді жас сәби қылып елестетіңіз (5-6 
жасар). Осы сәбидің көзіне терең қадалып қараңыз. Терең мұңды көруге және оның 
сізге деген махаббат мұңы екенін түсінуге тырысыңыз. Қолыңызды созып, кішкентай 
сәбиді құшақтаңыз, көкірегіңізге басыңыз. Оған қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Сіз 
оның ақылдылығын мақтаныш тұтатыныңызды, егер ол қателік жасаса ештеңе 
етпейтінін, ондайды жұрттың бәрінің де жасайтынын айтыңыз. Егер қажет болса сіз 
оған қашан болса да көмекке баруға уәде беріңіз. Енді сәби тип-титтей, бұршақтай ғана 
сәбиге айналсын. Оны өзіңіздің жүрегіңізге қойыңыз. Ол сол жерден орын алсын. Сіз 
төмен қараған кезде оның кішкентай сұлбасын көріп, ол үшін үлкен мәнге ие барлық 
махаббатыңызды бере аласыз. 
Енді 4-5 жастағы үрейлі және махаббатқа шөліркеген өз мамаңызды көз 
алдыңызға елестетіңіз. Оған да қолыңызды созып, сіз оны қалай жақсы көретініңізді 
айтыңыз. Ешқандай жағдайға қарамастан оның сізге арқа сүйей алатынын айтыңыз. Ол 
тынышталып, өзін қауіпсіз сезінген кезде, оны өзіңіздің жүрегіңізге орналастырыңыз. 
Ал енді әкеңізді 3-4 жастағы кішкентай бала қылып елестетіңіз, ол да бірдеңеден 
қорқады және қатты өксіп жылауда. Сіз оның денесіне бұршақтап құйылып жатқан
көз жасын көресіз. Сіз енді жас балаларды қалай тыныштандыру керек екенін білесіз. 
Оны кеудеңізге қысып, денесіндегі дірілді сезініңіз. Тыныштандырыңыз. Ол сіздің 
махаббатыңызды
сезінсін. Сіз оған онымен бірге болатыныңызды айтыңыз. Оның көз 
жасы кепкен кезде ол да құртымдай болсын. Оны өзіңізбен және мамаңызбен бірге 
жүрегіңізге орналастырыңыз. Олардың барлығын сүйіңіз, дүниеде кішкентай балаға 
махаббаттан артық қасиетті ештеңе жоқ. Біздің жүрегімізде күллі планетаны 
сауықтыруға жетерлік махаббат бар. Бірақ, алдымен біз өзімізді өзіміз сауықтырайық. 
Сіздің барлық тәніңізге тарап жатқан жылылықты, жұмсақтық пен нәзіктікті сезініңіз. 
Бұл қымбат сезім сіздің өміріңізді өзгертсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет