Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Жұмысқа кірігу 
«Менің мінезім ашық және менің талантым мен мүмкіндіктерім пайдаланылатын 
жұмысты қабылдауға дайынмын. Менің бұл жаңа жұмысым шығармашылық 
қабілетімді іске асырады және мені қанағаттандыратын болады». Егер жұмыста 
әлдебіреулер сіздің мазаңызды алатын болса, сол адам туралы ойлаған сайын оған 
рақмет айтыңыз. Біз ондайларды өзіміз таңдамасақ та, біздің әрқайсымызда аздаған 
Гитлер мен Иусус Христос бар екенін білу маңызды… Егер бұл адам сыншыл келетін 
болса, сізді мақтайтын адам есебінде, ал егер ол қатал болатын болса, онда оны нәзік 
те әділ етіп көзге елестетіңіз. Егер сіз адамдардан тек жақсыны көрсеңіз, онда олар 
басқалармен қалай қарым-қатынас жасаса да тек сізге ғана өздерінің тамаша да
керемет қасиеттерін көрсетеді.
Дене 
Біздің денеміздегі ауру деп аталатын нәрселерді өзіміздің тудыратынымызға
мен сенімдімін. Дене, біздің өміріміздегі басқа да нәрселер сияқты –
танымдарымыздың тура бейнесі. 
Біздің денеміз барлық уақытта да бізге айтады – егер біз оны тыңдауға уақыт 
тапсақ… 
Денеміздегі әрбір жасуша біздің әрбір ойымыз бен әрбір сөзімізге сай 
қимыл жасайды.
Ойлау мен сөздің ұзаққа созылған бейнесі дене қалыбын белгілейді. 
Мұңлы жүзді адамды міндетті түрде көңілсіз ойлар иектейді. Бұл жағдайда қарттардың 
жүзі қызығушылық тудырады. Олар - өмір бойғы ойлау жүйесінің тура бейнесі. Сіз 
қартайған кезде қалай көрінесіз? Бұл кітапта мен метафизикалық диагноз бен көп 
аурудың менталдық себебінің тізімін келтіремін. Бұл шамамен 90-95% дұрыс.


19 
Бас 
біздің өзімізді бейнелейді. Бұл біздің дүниеге көрсететін нәрсеміз. Бізді
басымыздан таниды. Баста бір нәрсе дұрыс болмаса, біздің өзімізде бір нәрсенің дұрыс 
болмағаны.
Шаш
күш-қуатты білдіреді. Біз қорыққан кезде әдетте иық бұлшық еттерінде 
басталып, сосын басқа баратын, ал кейде көзге баратын «болат белдікті» жасаймыз. 
Шаш шаш қапшықшалары арқылы өседі. Бас сүйегіне салмақ салған кезде бұл 
қапшалар автоматты түрде жабылып, шаштар семіп, түсе бастайды. Егер үнемі салмақ 
түсіп, бас сүйегі дем алмайтын болса шаш өсуін тоқтатады. Нәтиже – бастың 
қасқалануы. Әйелдер шашының қасқалануы олардың «іскер» ерлер әлеміне енуінен 
басталады. Біз әрине, мұны аңғара бермейміз, себебі, көптеген париктер табиғи
көрінеді. 
Құлақ
есту және тыңдау мүмкіндігіне ие. Егер адамның құлағының мүкістігі 
болатын болса, бұл оны есту мүмкіндігінен бас тартқызып тұрған өміріндегі болып 
жатқан жағдайға байланысты. Құлақтың ауруы – бұл сіз естуге тиісті нәрсеге 
байланысты қобалжуды білдіреді. Балалардың құлағы үнемі ауырады. Олардың 
тыңдағысы келмеген нәрсені үйде жиі тыңдауына тура келеді. Сәбидің ашу білдіруіне 
тыйым салынады, шын мәнінде олардың бір нәрсені өзгертуге дәрменсіздігі құлақ
ауруына әкеп соғады.
Саңыраулық ұзаққа, мүмкін өмір бойына созылатын, біреуді тыңдауға деген 
құлықсыздықты блдіреді. Көңіл аударыңыз: кейде есту аппаратымен жүрген серіктесті 
кездестірсек, енді бірі ауыз жаппай сөйлеумен болады … 
Көз 
көру мүмкіндігін білдіреді. Егер көзіңізге байланысты проблема туындап 
жатса, бұл әдетте не өзіңіздегі немесе өз өміріңіздегі бірдеңені көруден бас тартуды 
білдіреді. Мен көзілдірік киген балаларды көрген кезде олардың үйлеріндегі бір 
жайсыздықты білемін: олар тура мағынасында нәрселерді көруден бас тартады. Егер 
олардың үйдегі жағдайды түзеуге күші келмесе, онда олар көздерін анық көру
мүмкіндігінен айыру үшін жанарларын сейілтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет