26
Егер мен сізге ұдайы «ақшыл көк шошқа» десем, сіз маған күлер едіңіз немесе мені
ақымақ санар едіңіз. Сіз оған ешуақытта сенбеген болар едіңіз.
Біздің өзімізге
айтатындарымыздың да көбісі осы секілді шындыққа жанасымсыз. Егер біз өзіміздің
бағамыз бойымыздың ұзындығына байланысты дегенге сенер болсақ,
онда біз бос
далбасаға сенген боламыз. Біз өз кемшілігіміз деп жиі ойлайтын нәрсеміз, мүмкін
біздің жеке қабілетіміздің көрінісі шығар. Біздің ерекше қасиетіміздің өзі осы болар.
Жаратылыс өзін ешуақытта қайталамайды. Табиғат жаратылғалы бері бір біріне
ұқсаған қар ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы болған емес. Әрбір түймедақ бір-біріне
ұқсамайды. Біздің саусақтарымыздың ізі де біз секілді әртүрлі. Табиғат солай жаратқан.
Егер
сіз осы ойды қабылдай алсаңыз, онда сіз өзіңізді өзгелермен ұдайы салыстыра
бермейтін боласыз. Біреуге ұқсас болуға тырысу - өз жаныңызды бағаламау. Біз бұл
планетаға келгенде өзімізді көрсете білу үшін келгенбіз.
Мен де өзімнің рухани
ізденістерімді бастағанша өзімнің кім екенімді білмегенмін.
Демек, бізді бақытсыз ететін ойларды қуып шығуымыз керек, бізге ұнаған
істермен айналысайық, бірге жүргенде өзімізді жақсы
сезінетін адамдармен бір
жүрейік.
Достарыңызбен бөлісу: