Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет44/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

әкеледі. Қазір менде жаңа қуанышты ойлар еркін айналып жүр. Мен өмірдің 
қуанышын сезінемін және көрсетемін. Мен, осы сәттің мәңгі шат ойларын 
таңдаймын. Менен барлық жаққа махаббат лебі еседі, және менің бар өмірім 
шаттықтан тұрады. Мен жүрегіммен сүйемін. Мен өзімнің тамаша жүрегімді 
сүйемін және бағалаймын!
Маған менің қаным ұнайды 
Менің бойымдағы қаным – тап-таза қуаныш. Өмірдің осы қуанышы бойымда 
еркін ағып жатыр. Мен бақытты және шат-шадыман өмір сүрудемін. Менің өмірім
бай, толыққанды және қуанышты. Мен өзімнің тамаша қанымды сүйемін және 
бағалаймын!
Маған менің жүйкем ұнайды 


39 
Менде тамаша жүйке жүйесі бар. Жүйкем менің өмірмен байланысымды 
толық көлемде қамтамасыз етеді. Мен өзімді қауіпсіз жағдайда сезінемін. Мен 
жүйкелеріме бейбіт босаңсуға рұқсат беремін. Жаныма тыныштық беретін ойларды 
таңдаймын. Мен өзімнің тамаша жүйкемді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің асқазаным ұнайды 
Мен өмір тәжірибесін рахаттана қорытамын. Өмір бәрін менің пайдама 
шешеді. Мен өмірдің әрбір жаңа сәтін жеңіл сіңіре аламын. Менің әлемімде барлығы 
жақсы бара жатыр. Мен өзімнің бар екенімді мадақтайтын ойларды таңдаймын. 
Өмір маған керек нәрсемен мені қоректендіретініне мен сенемін. Мен өзімнің бағамды 
білемін. Маған ұқсаған адам онсыз да жақсы. Мен - Өмірдің Тамаша Киелі Көрінісімін. 
Мен осы ойды сіңіремін де, оны өзім үшін ақиқатқа айналдырамын. Мен өзімнің 
тамаша асқазанымды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің бауырым ұнайды 
Мен барлығынан бас тартамын, маған басқа ештеңе де керек емес. Мен 
тіксінуді, сын мен айыптауды шаттана жоққа шығарамын. Менде енді тек таза 
және сап-сау ойлар қалды. Менің өмірімде бәрі Киелі Құқық анықтаған Тәртіпке 
сәйкес орындалып келеді. Барлығы менің жағдайым мен қуанышым үшін жасалып 
жатыр. Мен өз өмірімде барлық жерде махаббат кездестіремін. Мен, мені емдейтін, 
тазартатын және биікке көтеретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша 
бауырымды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің бүйрегім ұнайды 
Мен өзім құра алған өмірді сол күйінде қабылдауға және соның ішінде дамуға 
әзірмін. Мен ескілерден қол үзіп барлық жаңаны қарсы алудамын. Менің бүйрегім, 
бұрын менің ағзамды уландырып келген нәрселерді тиімді жойып жатыр. Мен енді 
менің өз әлемімді құратын ойларды таңдаймын. Менің сезімдерім махаббатты 
байсалды етеді. Мен өзімнің тамаша бүйрегімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің қара бауырым ұнайды 
Менің жалғыз жақсы көретін нәрсем - өмірден рахаттану. Менің шын 
болмысым – ол шаттықтың, махаббаттың, тыныштықтың араласқан түрі. Менің 
сап-сау, бақытты, қалыпты қара бауырым бар. Мен толық қауіпсіздіктемін. Өмірдің 
тәттісін ғана таңдаймын. Мен өзімнің тамаша қара бауырымды сүйемін және 
бағалаймын!
Маған менің белім ұнайды 
Менің белім әсем. Ол қалыпты, табиғи және өте иілгіш. Мен қалай қаласам 
солай иіле де, майыса да аламын. Мен жаныма жайлы түрде жасалған 
жаттығулардан рахат алуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Менің белімнің 
көлемі маған өте лайық. Мен өзімнің тамаша белімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің бүйірім ұнайды 
Мен бұл өмірде өте нық жүріп келемін. Мен ұдайы бір жаңа нәрсеге қарай 
жүріп келемін. Әр жастың өзіне лайықты мақсаттары мен мұраттары бар. Мен, 
мықтылық пен күшті сақтап тұратын ойларды таңдаймын. Менің күшім мен 
құдіретім - өмірдің осы тұтқасында. Мен өзімнің тамаша бүйірімді сүйемін және 
бағалаймын!
Маған менің жамбасым ұнайды 


40 
Менің жамбасым күн санап әдеміленіп келеді. Олардан менің құдіретім 
көрінеді. Мен өзімнің мықты адам екенімді білемін. Мен өзімнің күшімді білемін және 
бағалаймын. Мен, өзіме күшіммен ақылға сай пайдалануыма махаббатпен мүмкіндік 
беретін ойларды таңдаймын. Өз күшіңді сезіну қандай рахат. Мен өзімнің тамаша 
жамбасымды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің тік ішегім ұнайды 
Мен өзімдегі бар жақсы нәрселердің дархан және қуанышты жылжуы үшін 
ашық та еркін каналмын. Мен алға жылжуыма зияны тиетін және кедергі болатын 
ойлар мен заттардан оп-оңай ажыраймын. Менің өмірімде барлығы қалыпты, 
үндестікте, жетілген. Мен тап қазіргі уақытпен өмір сүремін. Мен өмірде ілгері 
жылжуыма жәрдем беретін ашықтық пен қабылдай білу туралы ойларды 
таңдаймын. Сіңіріп алу, түсіну мен ойдан шығарып жіберу менде оп-оңай-ақ 
жасалады. Мен өзімнің тамаша тік ішегімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің өтім ұнайды 
Мен өз ойларыммен және сезімдеріммен түсіністікте өмір сүремін. Мен өзімді 
қоршап тұрғандармен келісімде өмір сүремін. Менің үстімнен ешкім және ештеңе 
билік ете алмайды, өйткені мен өз ақылыммен өмір сүремін. Мен өзіме тыныштық 
әкелетін ойларды таңдаймын. Ескірген идеялар мен түсініктерден өз еркіммен және 
ешбір қиындықсыз құтыла аламын. Менен олар оп-оңай және қуана-қуана кете 
барады.
Мен өзімнің тамаша өтімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің жыныс органдарым ұнайды 
Менің сексуальдылығым маған ұнайды. Бұл қалыпты іс, табиғи және ең жақсы 
күй. Мен өз органдарымды әсем, табиғи және маған өте лайық деп табамын. Мен, 
осы жерде және қазір қалай болсам сол күйде жақсы және әдемімін. Мен өз денем 
өзіме беретін рахатты бағалаймын. Менің денемнің маған беретін рахаты қауіпсіз. 
Мен өзімнің тамаша жыныс органдарымды сүйетін және бағалайтын ойларды 
таңдаймын!
Маған менің аяқтарым ұнайды 
Мен қазір, балалық шақта ауыртып алған және ұрып алған барлық 
ауруларымды ұмытқым келеді. Мен өткенмен өмір сүруден бас тартамын. Мен бүгінгі 
күнмен өмір сүремін. Мен өткенімнің бәрін ұмытамын және кешіремін, ал менің 
аяқтарым бұрынғыдан да жақсарып келеді. Менің еркін қозғалуыма менің қозғала 
алатын мүмкіндігім жәрдем жасайды. Менің өткенім менің ілгері жылжуыма зиянын 
тигізбейді. Менің мықты балтырларым босаңсып тұр. Мен, өзімнің қуанышпен ілгері 
жылжуыма жәрдем беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша аяқтарымды 
сүйемін және бағалаймын!
Маған менің тізем ұнайды 
Мен иілгішпін және майысқақпын. Мен беремін және кешіремін. Маған бас ию 
мен қозғалу жеңілге түсіп тұр. Мен өзге адамдарды түсіне аламын және жаным 
ашиды. Маған өткенімді және сол кезге қатысты адамдарды кешіру оңай. Мен өзге 
адамдарды мойындай аламын және оларды мақтап жүремін. Мен, айналадағының 
бәрін еркін толтыратын махаббат пен қуанышты сақтау мен қабылдауға мүмкіндік 
беретін ойларды таңдаймын. Мен өз Тәңіріме табынамын. Мен өзімнің тамаша 
тіземді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің сырт келбетім ұнайды 


41 
Мен өзімнің сырт келбетімді ұнатамын. Бұл өмірде олар мені толық 
қанағаттандырады. Мен өзімнің сырт келбетімді тумай жатып таңдағанмын және 
таңдауыма өкінбеймін. Мен ерекше, ешкімге ұқсамайтын адаммын. Менен басқа 
ешкімнің көрінісі маған ұқсамайды. Менің тартымдылығым күн санап өсіп келеді. 
Мен, өзімнің әсемдігімді көрсете түсетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша 
сырт келбетімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің бойым ұнайды 
Менің бойым маған дәлме-дәл сәйкес келеді. Ол онша ұзын да, қысқа да емес. 
Мен төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге еркін қарай аламын. Мен жұлдыздарға 
қол соза аламын және жерді қолыммен ұстай аламын. Мен, қауіпсіздік, қорғаушылық, 
махаббат сезімі пайда болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша бойымды 
сүйемін және бағалаймын!
Маған менің салмағым ұнайды 
Қазір менің өзіме ең қолайлы салмағым бар. Ол менің өзіме белгілеп алған 
салмаққа сәйкес келеді. Мен өзімнің салмағымды қалаған кезде өзгерте аламын. Мен, 
өзімнің денемнен және оның көлемінен рахат алу сезімін төмендетпейтін ойларды 
таңдаймын. Мен өзімнің тамаша денемді сүйемін және бағалаймын!
 
Маған менің жасым ұнайды 
Мен қазір ең жақсы жастамын. Мен үшін өмірімнің әрбір жылы қымбат, 
өйткені ол бір-ақ рет беріледі. Балалық шақтан кәрілікке дейін тамашаларға толы. 
Балалық та кәрілік секілді ерекше. Мән бәрін де басымнан өткізгім келеді. Мен, маған 
тыныш қартаюға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен әр жаңа жылдың 
әрбір сәтіндегі оқиғаларды асыға күтемін. Мен өзімнің тамаша жасымды сүйемін 
және бағалаймын!
Маған менің тәнім ұнайды 
Менің тәнім - өмір үшін тамаша үй. Мен өз өмірімде менің таңдауым тамаша 
тәніме түскеніне ризамын. Оның барлық жағы әсем: көлемі, тұрпаты және түсі. Ол 
маған өте жақсы қызмет етеді. Мені тәнімнің керемет келбеті қуанышқа бөлейді. 
Мен, менің сау тәніме жақсы әсер ететін, жақсы көңіл-күй сыйлайтын емдеуші 
ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша тәнімді сүйемін және бағалаймын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет