Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Реніш түрлі кеселдерге себеп



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Реніш түрлі кеселдерге себеп 
Реніш – ұзақ уақыттан бері басып тастап келе жатқан ашудың қорытындысынан 
пайда болады. Ол адам денесінің бір жерінде жиналады. Уақыты келгенде реніш адам 
организмін жалмай бастайды. Сондықтан сезімдерді өз уақытында еркіндікке босатып 
қоя берген жөн. 
Отбасындағы тыйымдарда, әсіресе қыз балаларға ашулану әдепсіздік деп 
үйретеді. Сондықтан біздер ашуды жұтуға әдеттенгенбіз. Моллюсканың құмның бір 
түйірін алып оны перламутрмен орай беруінің нәтижесінде маржан пайда болады. Егер 
біз ашуды ішімізге жинап, сезімдерімізбен орай берсек, онда дененің сол ашу тоқтаған 
жерінде ісік пайда болады, ол кейде қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Сондықтан біз 
өз уайымдарымыздан босанғымыз келсе онда алға шығып, оларды артқа тастап кетуіміз 
керек. 
Біз өзіміздің сәтсіздіктеріміз бен бір істі көңіліміздегідей етіп орындай 
алмағанымыз үшін өзімізді айыптамағанымыз жөн. Біз өзімізді айыпты сезінбеуіміз 
керек. Ешкім де ДҰРЫС ЖАСАМАЙ жатқан жоқ. Кез-келген адам өз түсінігі мен 
нақты жағдайды санасында қалай қабылдаған болса, соған қарап іс-әрекет жасайды. Біз 
ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ КҮШКЕ иеміз және бұл өмірге бір нәрселерді үйренуге келгенбіз. Кез-
келген жол дұрыс, себебі ол – ЖОЛ. 
Сезімді басып тастау жабығуға алып келеді 
Депрессия – бұл ішіңе қарай енген ашу. Ол – көрсетуге құқығың жоқ секілді 
көрінетін ашу. Мәселен, сіз ата-анаңызға, еріңізге немесе әйеліңізге, бастығыңызға я 
жан досыңызға ашулану жарамсыз әдет деп санайсыз. Бірақ сіз бәрібір ашулануыңыз 
мүмкін ғой. Сол жағдайда сіз тығырыққа тірелесіз. Одан құтылу қиын, бірақ онша 
үмітсіз де емес. 
Ең бастысы – ашуды жинамау, ашуланған адамға ашығын айтып салу. Одан 
ыңғайсызданудың керегі жоқ. Осыған әдеттенсеңіз сіз алдымен шыншылдыққа 
үйренесіз, бірте-бірте ол мінезден рахат аласыз. Және де күш аласыз. Құдай сізді ол 
үшін жек көрмейді. Ескі ашуыңыздың бір бөлігінен болса да арылған кезіңізде оның 
толық шығуына жол табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет