Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Ішкі дауысқа сеніп 
Біз таңдаған ойлар – біздің өміріміз деп аталатын полотноға бояу жағатын 
шашақ.
Мен ойды өзгерту арқылы өмірдің өзін де өзгертуге болады деп алғаш естігенде, 
ішкі сезімдерімде төңкеріс болып, алай-түлей күйге түскенмін. Осы идея менің ІШКІ 
ДАУЫСПЕН 
байланыстырылатын 
сезім 
құбылысы 
саналатын 
ІШКІ 
ҚОҢЫРАУЫМДЫ қозғап кетті. Көп жылдар ішінде мен сол дауысқа еруді үйрендім. 
ҚОҢЫРАУ «Ия» деген сәтте, ол шешім менің көңіліме қонбаса да, тіптен қияңқы 
шешім болса да, маған керегі осы екенін білдім. 
Сонымен, осы идея мені баурап алды. Менің ішкі дауысым «Ия, бәрі дұрыс» 
деді.
Бастапқыда бәрі жеңіл болды. Мен басқаша ойлап, басқаша сөйлей бастадым. 
Сол күндері мен ылғи бірнәрсеге наразы болып жүретінмін және өзіме-өзім 
аяушылықпен қараушы едім. Мен сол арқылы өзіме аяушылықпен қарайтындай 
жағдайды өзім туғызатынымды білмедім. Біраз уақыт өткен соң мен өзіме наразы бола 
беруімнің бұрынғыдан гөрі азая бастағанын байқадым. 
Мен өзімнің айтқан сөздерімді өзім тыңдайтын болдым, өзімді өзгертуге 
тырысып, өз әрекеттеріме есеп бере бастадым. Ол үшін сау тән аффирмацияларын 
күбірлеп айта жүрдім. Әрине, мен, аффирмацияларды қайталауды ең жеңілірегінен 
бастадым, соның өзінде аздаған өзгерістер бола бастағанын сездім. Мәселен, мен 
бағдаршамның жасыл шамына көбірек кезігетін болдым, автотұрақтарда маған орын 
табыла қалатын болды. Сөйте-сөйте мен өзімді батыл сезіне бастадым, менің мінезімде 
өркөкіректік пайда болып, өзіме деген сенімім артты. Мен барлық сұрақтарға жауап 
бере алатындай сенімге ие бола бастадым. Қазір ойлап қарасам, мен осылайша өзімдегі 
қауіпсіздік сезімдерін тәрбиелеген екенмін. Ол маған өте керек еді. 


47 
Өстіп жүргенде мен жатыр рагімен ауырдым. Бұл оқиға мені есеңгіретіп 
тастады. Егер менің жаным таза болғанда және менде ішкі бір діңгек болғанда 
ауырмаған болар едім-ау деп ойладым.
Ол күндері маған рак кеселі жылдар бойы жиналған өкпе-реніштің әсері екені 
белгілі еді. Сол өкпе-реніш жылдар бойы жиналып, организмді мүжи беретін еді. Егер 
біз өз эмоциямызды тежей берсек, ол түптің-түбінде денеге әсерін тигізбей қоймайды. 
Мен өзімнің бойымдағы жиналуы мүмкін өкпе-реніштерді ойша саралай 
бастадым. Өзім басымнан кешкен тәни, эмоциялық және сексуалдық озбырлықтарды 
ойымнан өткіздім. Осы ауыртпалықтарға шыдай алмай үйден шығып кеткенім есіме 
түсті. Үйден кетіп, барлық нашар сезімдерден арылдым деп ойлаппын, шын мәнінде 
мен оларды өз зердемнің түкпіріне көміп қана қойған екенмін. 
Мен бұдан былай бағдаршамның жасыл жарығына қанағаттана бермей, 
тереңірек іздене бастадым. Менің өмірде өз қалауымша ілгері жылжи алмауыма бала 
кездегі естеліктерге байланысты қалдықтардан сананың тазармағаны себеп болып 
тұрғанын түсіндім. 
Сөйттім де аффирмацияларды таңертең тұра сала қайталайтын болдым, жатар 
алдында «Мен сені жақсы көремін, Луиза» дегенді көп рет қайталайтын болдым. Олай 
айту маған оңай болған жоқ, әр қайталаған сайын менің көзіме жас толып, тынысым 
тарылды, сөздер тамағымда кептеліп қалды. Бірте-бірте мен бұл сөздерді қалыпты 
жағдайда айта алатын болдым да, біртүрлі «кванттық секіруге» қол жеткізгендей 
болдым. Маған өз ашуымнан арылу үшін көп сағаттарымды жалғыздан-жалғыз жүріп 
айғайлап, жастығымды жұдырықпен соққылаумен өткізуге тура келді. Мен жеңілдей 
бастадым. 
Мен сонымен бірге өз санамды жетілдірумен және кешіре білуді үйренумен 
айналыстым. Мен пайдаланған тәсілдердің бірі – ата-анамның балалық кездерін 
зерттеу болды. Байқасам, оларға өз ата-аналарының қарым-қатынасы қолайлы 
болмаған, өгей әкем ылғи ата-аналарынан соққы жеген, анамды «еркектікі қашанда 
дұрыс» деп тәрбиелепті. Анам сондықтан да өгей әкенің ығына есіпті. Демек, мені 
басқаша тәрбиелей алатындай әкем мен шешемнің алдында үлгісі жоқ екен. Мен осыны 
түсіндім. Сонымен бірге, оларды кешіре білуді де үйрендім. 
Ата-анамды қаншалықты көбірек кешірген сайын мен өзімді де кешіргім келді. 
Өзіңді кешіру – аса маңызды.
Мен өзімді кешіруді үйрене сала, өзіме сене бастадым. Мен адам өзге адамдарға 
және өмірге сенімі болмаған кезде өзіне де сенбейтінін түсіндім. Дәлірек айтқанда, мен 
өзімнің Жоғарғы «менімнің» өзім туралы қамқорлық жасауына сенбейді екенмін. 
Мысалы, біз «Мен енді қайтадан ғашық бола алмаймын, өйткені жанымды жаралатқым 
келмейді» дейміз. Шын мәнінде, сөйте тұрып біз «Мен өзіме сенбеймін. Мен өзімнің 
жағдайымның дұрыс болуына ой жібере алмаймын» дейміз. 
Мен өзіме сене бастадым, өзіме өзім ғана жәрдем бере алатынымды түсіндім. 
Маған өзіме сүйіспеншілікпен қарау бірте-бірте жеңіл бола бастады. Менің тәнім де, 
жүрегім де кеселінен арыла бастады. 
Осылай менің рухани өрлеуім басталды. Менің сыртқы келбетім де өзгерді, мені 
оқушыларым да сағына күтетін болды. 
ӨМІРДІҢ ҚАЙ САТЫСЫНДА БОЛҒАНЫҢЫЗҒА ҚАРАМАСТАН, ОҒАН 
ҚАНШАЛЫҚТЫ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫҢЫЗ БЕН ОНДА НЕ БОЛЫП ЖАТҚАНЫНА 
ҚАРАМАСТАН, СІЗ ҚАШАНДА, СІЗГЕ ҚАЗІРГІ ТҮСІНІК-ТАНЫМЫҢЫЗДЫҢ, 
БІЛІМІҢІЗ БЕН СЕЗІНУІҢІЗДІҢ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ ӨЗ КҮШІҢІЗ ЖЕТЕТІНДІ 
ҒАНА ЖАСАЙСЫЗ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет