Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет122/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

3. Материал қайтарымдылығы:
М
Қ
 = Өндіріс / М
Мұнда, Өндіріс – өндіріс көлемі; М – шикізат, отын, энергия, т.б.
4. Материал сиымдылығы:
М
С
 = М / Өндіріс.
Бұл көрсеткіш материал қайтарымдылығы шамасына кері 
көрсеткіш болып табылады.
Кез келген кәсіпкер үшін өз капиталының үнемі қорланып отыруы 
өте маңызды болып табылады. Капиталдың қорлануы екі түрде жүзеге 
асады:
1) капиталдың шоғырлануы
– бұл үстеме құн есебінен капитал 
мөлшерінің өсуі;
2) капиталдың орталықтануы
– бұл капиталдың бірнеше жолмен 
ірілену үдерісі. 
Өндірістік тәжірибеде капиталдың қорлануы өндіріске инвестиция 
(күрделі қаржы) тартумен жүзеге асырылады. 
Инвестиция
– бұл 
кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда табу мақсатында негізгі 
капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның 
өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдық-
тауға, тұрғын үйге күрделі қаржы құюы.
Инвестицияның қайнар көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың 
пайдалары, ірі банктердің еркін ақша қорлары, тұрғындардың жинаған 
ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры жатады. Ал инвестиция салу дың 
артықшылықтарына жұмыссыздықтың жойылуын, ұлттық табыстың 
ұлғаюын, өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуды жатқызады. 


140
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін өндіріске салынған күрделі 
қаржыны күтілетін нәтижемен салыстыру қажет. 
7.4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы. 
Қазақстан 
Республикасы статистика Агенттігінің (ҚРСА) мәліметтері бойынша 
шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ЖІӨ-ге қосқан 
үлесі 2013 жылы 19%-ға жетті. Бұл төмен көрсеткіш болып табылады. 
Сондықтан мемлекет 2020 жылға ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесін шамамен 
40%-ға дейін арттыру міндетін айқындап отыр. Дамыған елдермен 
салыстырғанда (мәселен, Германияда – 57%, Ұлыбританияда – 
52%, АҚШ-та – 52%, Францияда – 50%) отандық ШОК-ң ЖІӨ-гі 
үлесінің тым төмен болуы сол үлестің үлкен бөлігін ірі бизнестің 
жасайтындығымен (мұнай-газ және тау-кен секторларында қамтылған 
7% ірі бизнес ЖІӨ-нің 75%-дан астамын өндіреді) түсіндіріледі. 
Бұл жағдай отандық бизнес құрылымының көп бөлігінің шикізат 
салаларында шоғырланғандығын айғақтайды.
ҚРСА деректеріне сүйенсек, 2013 жылдың 1 шілдесіне сәйкес 
тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1 493 044 бірлікті құрады
соның ішінде, шағын бизнестің кәсіпорындары – 239 931 (16%), жеке 
кәсіпкерлер – 1 061 464 (71%) және шаруа (фермерлік) қожалықтары – 
191 649 (13%) болды.
Республика бойынша 2013 жылдың 1 тамызына сәйкес, ШОК-те 
жұмыспен қамтылғандардың саны 2 582 278 адамды құрады, соның 
ішінде, шағын бизнестің заңды тұлғалары 601 141 адам, орта бизнестің 
заңды тұлғалары 696 241 адам, жеке кәсіпкерлер 931 793 адам, 
шаруа қожалықтары 353 103 адам болды. Ал экономикалық белсенді 
халықтан (8 774 638 адам) ШОК-те қамтылғандардың үлесі 30,4%-ды 
құрады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында ШОК субъектілерінің 
шығарған өнім көлемі 4 849 869 млн. теңгеге жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет