А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


қайталау, пысықтау сабақтарын



Pdf көрінісі
бет28/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

қайталау, пысықтау сабақтарын
екі не 
үш сағатқа жоспарланған тақырыптарға қарай анықтауға болады. Белгілі бір 
тақырыптарда соңғы сағаттарында қайталау, пысықтау материалдарына 
кӛбірек орын беріледі. Осыған қарай бірнеше сағат бойы оқытылатын шы-
ғармалардың, не автор шығармашылығының соңғы сағаттарына жоспар түз-
генде сабақты қайталау, пысықтау типіне лайықтаған орынды.
Ал 
қорытынды сабақ типі 
негізінен үлкен тарауларды не бірнеше 
сағат кӛлемінде оқытылған кӛлемді шығармаларды қорытуға байланысты 
жоспарланады.
Әдебиет пәні бойынша сыныптық сабақта жазылатын мазмұндама, шы-
ғарма, тест, бақылау жұмыстарын т.б. білім сынау мақсатын кӛздейтін сабақ-
тарға жасалатын жоспар түрлерін 
білім сынау сабақ типіне
сәйкес құру 
қажет.
Сабақтың әр типінде сабақ кезеңдері әртүрлі құрылымда қатысады. 
Сабақ кезеңдерін топтастыруда да педагог ғалымдардың пікірлері әралуан. 
Дегенмен, кеңес мектебінен бері дәстүрге айналып біршама тұрақтанған 
сабақтың сегіз кезеңін атауға болады.
Ю.А.Конаржевский «Педагогический анализ учебно-воспитательного 
процесса и управление школ» атты еңбегінде сабақтың 8 кезеңін саралап 
кӛрсетеді
1
. Олар: 
1
Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление 
школой. М., Педагогика. 1986. с. 105-108 


54 
1.Ұйымдастыру кезеңі; 
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі; 
3.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі; 
4.Жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы түрде қабылдауға даярлық 
кезеңі; 
5.Жаңа білімді меңгеру кезеңі; 
6.Оқушылардың жаңа білімді түсінуін тексеру кезеңі; 
7.Жаңа білімді бекіту кезеңі; 
8.
Оқушыларға үй тапсырмасы жӛнінде ақпарат пен орындауға нұсқау-
лық беру кезеңі.
Сабақтың әртүрлі типіне қарай сабақ кезеңдері әр құрамда болады. 
Мәселен, кіріспе сабақ типінде «үй тапсырмасын сұрау», «білімді жан-жақты 
тексеру» кезеңдері қатыспауы заңды. Сол сияқты қайталау, пысықтау немесе 
қорытынды сабақ типтерінде «жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы 
түрде қабылдауға даярлық кезеңі», «жаңа білімді меңгеру» кезеңдері бол-
мауы тиіс. Ал ұйымдастыру кезеңі сабақтың барлық типіне қатысты әрі са-
бақтың кӛп кезеңінде ең басты материалды меңгеретін тұстарда оқушы зейі-
нін немесе оқу әрекетін ұйымдастыруға қатысты белсенді жүргізілуі әбден 
түсінікті.
Оқу үдерісінде сабақ кезеңдерінің қайсысы белсенді жүргізілуі 
мұғалімнің оқу-танымдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатына да қатысты 
екендігі белгілі. Солай бола тұра, шартты түрде сабақтың қай кезеңдерінің 
сабақ типіне қарай қалай қатысатынын тӛмендегі кестеден кӛруге болады.
 
3- кесте 
 
Сабақ 
типі 
Саб.
кезеңі 
кір
іпе
с
аба
қ 
ж
аңа
біл
ім
бе
ре
ті
н 
са
ба
қ 
пы
сы
қтау

қа
йтал
ау
с
аба
ғы
қо
ры
тын
ды
са
ба
қт
ар
біл
ім
с
ы
на
у 
са
ба
қт
ар
ы

Ұйымдастыру кезеңі 





Үй 
тапсырмасын 
сұрау 
кезеңі 



Білімді жан-жақты тексеру 
кезеңі 



Оқу материалын қабылдауға 
даярлық кезеңі 




Жаңа білімді меңгеру кезеңі 


Оқушының түсінуін тексеру 
кезеңі 





Білімді бекіту кезеңі 





Үй тапсырмасын беру кезеңі + 




Сабақ жоспарын түзуде сабақ құрылымы мен жүйесін, дидактикалық 
мақсатын жете зерделеу керектігі, сабақ жүйесі бір біріне сабақтасып жатқан 
үлкен құрылым екендігі жоғарыда келтірілген жіктемелерден анық байқа-


55 
лады. Әдетте сабақ жоспарының тақырыптан бастап жазылатындары жиі 
ұшырасады. Ал жоғарыда айтылған жүйемен бірізділікті сақтау үшін сабақ 
жоспарына ең алдымен сабақ типін анық кӛрсеткен орынды. Олай дейтініміз, 
сабақ кезеңдері сабақ типіне қарай анықталады, ал сабақ түрін жазу 
жоспардың құрылымын айқындауға кӛмектеседі. Сабақтың дәстүрлі түріне 
жасалған үлгісін ұсынайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет