А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Жаңа білім беретін сабақ типіне сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті



Pdf көрінісі
бет29/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

 
Жаңа білім беретін сабақ типіне сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті 
пәні (7- сынып).
Сабақтың түрі:
Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың типі:
Жаңа білім беретін сабақ 
Сабақтың тақырыбы:
С. Торайғыров «Бір адамға». 
Сабақтың мақсаты:
Ақынның ӛмірі мен шығармашылығынан 
мағлұмат бере отырып, «Бір адамға» ӛлеңінің идеялық мазмұнын таныту. 
Білімділік міндеттері:
а) Оқушыларға қазақ халқының ХХ ғасыр 
басындағы аса кӛрнекті ақын С. Торайғыровтың ӛмірі туралы мағлұмат беру. 
ә) «Бір адамға» ӛлеңінің жазылу тарихынан мағлұмат беру. 
б) Ӛлең мәтініндегі «қымбат қып, арзан емес кемге алыпты», «артында 
қалдырмас па жақсы даңқын», «нақақ кӛз» т.б. ӛлең идеясын айқындауға 
қызмет жасап тұрған сӛздердің қолданылу мақсаты мен мәнін ашу. Сол 
арқылы ӛлеңнің тақырыптық, идеялық астарына үңілту. 
в) Әдебиет теориясынан ирония ұғымын қалыптастыру, ӛлеңдегі 
ирониялық ойды таныту. 
Дамытушылық міндеті:
а) Әр оқушының ӛзіндік ой-қиялын, сӛздік 
қорын дамыту, сӛйлеу тілін дамыту.
ә) Шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным 
түсініктерін дамыту. 
Тәрбиелік міндеттері:
а) Ақынның ӛмір жолы арқылы оқушыларды 
адамгершілік пен парасаттылыққа баулу; 
ә) Оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта тәрбелеу. 
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, әңгімелеу. 
Кӛрнекілік:
Ақынның портреті, плакаттар, буклет, ақынның кітаптары, 
тақта, оқулық, сӛзжұмбақ. 
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныппен сабақ үдерісін бастауға даярлық 
жұмыстары. 
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 
Ӛткен материал бойынша анықта-
малық сұрақтар негізінде оқушы білімін тексеру. Жеке тапсырмалар арқылы 
ӛткен материал бойынша оқушы білімін жан-жақты тексеру. 
 
3. Жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы түрде қабылдауға 
даярлық кезеңі:
Оқу материалына кіріспе сұрақтар: 
С. Торайғыров кім? 


56 
Ақынның қандай ӛлеңдерін білесің? 
4. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
Түсіндіру әдісімен С.Торайғыровтың ӛмірі мен шығармашылығынан 
мәлімет беріледі: 
С. Торайғыров – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса кӛрнекті 
ақыны, ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Ол ӛзі ӛмір сүрген қоғам 
шындығын, қайшылығын бейнелей білген ақын. Ӛмір сүрген сол дәуірдің 
айрықша ірі тұлғасы. 
С.Торайғыров 1893 жылдың 29 қазанында қазіргі Кӛкшетау 
облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Ол алты жасынан бастап 
әкесінен хат таниды. Кейін 1902 – 1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904 – 
1905 жылдары Тортай деген молдада, 1906 – 1907 жылдары Мұқан молдадан, 
1908-1910 жылдары Баянауыл қаласында, 1911 жылы Нұрғали деген 
молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт Мұқан молдаға еліктеп он үш 
жасынан бастап ӛлең жаза бастайды. Оның ең алғаш жазған ӛлеңі – «Секілді 
ӛмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. 
1913-1914 жылдары «Айқап» редакциясында жұмыс істейді. 1914-1916 
жылдары ӛз ауылы Баянауылға қайтады. Ондағы мақсаты ел жастарын 
оятпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ еді. 
С.Торайғыров Шідертіде сырқаттанғаннан үйінде ауырып жатып, 1920 
жылдың 21 мамыр күні 27 жасында қайтыс болды.
Ол – әдебиеттің әр жанрында жазатын қабілетті, талантты қаламгер. 
Білім жолындағы тынымсыз ізденіспен, қиыншылықпен ӛткізген «жарты 
тұтам» қысқа ӛмірінде ол 110-дай ӛлең, 5-6 поэма, 2 роман, 7-8 мақала, 
очерк, әңгіме жазды. 
«Бір адамға» ӛлеңін мәнерлеп оқу.
Ӛлеңнің шығу тарихын туралы мәлімет беру.
Екі оқушыға мәнерлеп оқыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет