А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет27/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

кіріспе сабақтың типіне
кӛлемді тарауларға кіріспе ретінде ұсынылатын 
тақырыптарды лайықтауға болады. Мұндай кіріспе сабақ типіне жататын 
тақырыптар: 5 сынып бойынша әдебиет пәні туралы бастапқы ұғым қалып-
тастырылатын «Әдебиеттің ӛнердің бір саласы және оқу пәні ретінде сипаты» 
деп аталған кіріспеден басталып, «Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік», 5 
сыныптағы «Ертегілер» (ертегілерді оқытуға ұсынылған 15 сағаттың алғашқы 
сабағы) тақырыбын жатқызуға болады. Осындай кіріспе сабақ типіне жата-
тын тақырыптарды 6, 7 сыныптардан да атауға болады. Мәселен, «Кӛркем 


53 
әдебиеттің адам ӛміріне алатын орны» туралы, «Халық ауыз әдебиеті», 
«Батырлар жыры туралы түсінік» қалыптастырылатын кіріспе тақырыпты
белгілі бір пәнге не бӛлімдерге кіріспе тақырыптарды жатқызуға болады. 
Осы тектес кіріспе тақырыптар ӛзге сыныптарда да кӛрсетілген. Жоғары сы-
ныптарда оқылатын белгілі бір дәуірлерге, әдеби үдеріске шолу тақырып-
тарын да кіріспе сабақ типіне жатқызуға болады.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша
 жаңа білім беретін сабақ 
типтеріне 
дербес тақырыптардың барлығын жатқызамыз. Негізінде сы-
ныптық сабақтың барлығында (білім сынау сабақтарынан ӛзге) белгілі бір 
дәрежеде жаңа білім қалыптастырылады. Кіріспе сабақта да негізінен жаңа 
ұғым-түсінік молынан беріледі. Оқу типтерінің бұлай аталуына шартты түрде 
қараған орынды.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша 5-9 сыныптарда тұрмыс-
салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар, 
діни-мифтік әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық 
жырлар шешендік сӛздер, қазақ әдебиетінің әр дәуіріне жататын әдеби 
тұлғалардың, қаламгерлердің таңдаулы шығармалары енгізілген. Негізінен 
оқушылардың дүниетанымы мен әдеби танымын, сӛз ӛнеріне деген талғамын 
қалыптастыра отырып тұлғаны дамыту мақсатында ӛлең, жырлар, шағын 
әңгімелер ұсынылған. Бағдарламадағы әдеби мәтіндерді оқытуға белгіленген 
сағат мӛлшері де әр алуан. Кей тақырыптар бір сағат кӛлемінде оқытылса, 
кейбір тақырыптар екі не үш, тӛрт сағатқа белгіленеді. Соған қарай сабақ-
тың типі де анықталады. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет