71
5.Мұғалімнің
баяндауы эмоциялы болуы
. Эмоциялық түсіндіру
оқушылардың ақыл-ойына әсер етіп қана қоймайды, олардың ішкі психоло-
гиялық сезімін қозғайды. Оқушылардың логикалық қиялын ӛрістетеді;
6. Материалды баяндағанда мұғалімнің сӛйлеу тілі ұтымды, пікірі
айқын, оқиғалары толық және кӛркем тілмен түсіндірілуі қажет.
Кӛрнекі оқыту әдісі.
Педагог-психологтардың
пікірінше, оқушы
қабылдайтын білімнің тиімділігіне кӛрнекі әдістің тигізетін ықпалы зор.
Себебі, қабылдаудың басты жолдарының бірі ретінде кӛру, тыңдау арқылы
қабылдау оқушының материалды меңгеруіне үлкен ықпал етеді. Бүгінде
мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын кӛптеген тұлғаларымыздың
ӛмірі мен шығармашылық жолына байланысты түсірілген документальді
фильмдер, кӛркем фильмдер, қысқа метражды фильмдер жарық кӛруде.
Әрине бұл фильмдердегі идеялық бағыт
немесе ақпарат құралымы
мектептегі әдебиет сабақтарымен бүтіндей үндесе бермеуі заңды. Әйткенмен
қажетті жерін мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндіктері зор. Арнайы фильм-
нің үзіндісін қиюға арналған компьютерлік бағдарламалардың кӛмегімен
сабақ мақсатына лайықты қолданған тиімді. Сондай-ақ аудиодискілерді
пайдалану да маңызды. Әсіресе жыр жанрын, лирикалық шығармаларды
оқытқанда тыңдау әрекетіне басымдық жасаған абзал. Телевизия, радио,
үнтаспа, экскурциялық оқыту,
компьютерлік оқыту, электронды оқыту
жүйелері, электронды оқулықтар, онлайн сабақтар т.б. кӛрнекі құралдарды
еркін пайдалану мүмкіндіктері зор.
Практикалық оқыту әдісіне
мәтінмен жұмыс, кітаппен жұмыс, ауызша
жаттығу жұмыстары, жазбаша жаттығу. Саралау, топтау жинақтау жұмыс-
тары,
шығармашылық жазба жұмыстары, аннотация, шығарма, ой толғау,
рецензия, баяндама т.б. жұмыстарды жазу жатады. Бүгінде оқушыны
ӛздігінен білім алуға бағыттау үрдісі басымдылық танытып отырған тұста
практикалық әдістерді белсенді жүргізу қажеттігі арта түседі.
Бақылау әдісі.
Білім мазмұнындағы ӛзгерістер мен кейбір құбылыстар-
ды бақылату арқылы жүзеге асады.
Мәтіннің кейбір ерекшеліктері,
шығармадағы адамдар образының жасалу жолдары, шығарма компози-
циясының ӛзгешеліктері, шығарма тілі, кӛркем айшығы немесе сыртқы құбы-
лыстар, саяхат сабақтарындағы бақылау тапсырмалары арқылы орындалып
отырады.
Лабораториялық оқыту әдісі.
Бұл әдебиет пәнінде жиі қолданыла
бермейді. Дегенмен ретті тұсында кейбір мәтінмен жұмыс түрлерін осы
лабораториялық әдіспен жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: