«басқару психологиясы»


араласушы (немесе партисипативті)



Pdf көрінісі
бет47/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
араласушы (немесе партисипативті) 
стильді 
ұсынды. Оның негізгі қасиеттері болып келесілер табылады: 

басшының бағынушыларымен үнемі жиналыс өткізіп отыруы; 

басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынастық ашықтығы; 

бағынушылардың ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдауға қатыстырылуы; 

басшының өкілеттіліктер қатарын бағынушыларға бөліп беруі; 

жоспарлауда, ұйымдастырушылық өзгерістерді жүзеге асыру жұмыстарына қатардағы 
жұмысшылардың қатысуы; 

өздері шешім қабылдай алатын ерекше топтық құрылымдарды құрастыру және т.б. 
В.В. Юдиннің көрсетуі бойынша бұл типті иницативаларға, өзбетілікке ұмтылуға 
қызығушылық танытатын жоғары білікті жұмысшылар жұмыс жасайтын ұйымдарда дамытуға 
болады. Басқарудың осындай күрделі стилін жүзеге асыру тек қана білікті, білімді, ұжымдық 
жұмысқа қабілетті басшының ғана қолынан келеді. 
Көптеген ситуативті модельдердің және тәсілдердің болуы басшыға басшылық қызметінде 
икемділік береді, өйткені басқа бөлімге немесе менеджменттің басқа дәрежесіне ауысу барысында 
оған үйреншікті және оның жұмысындағы белгілі бір стиль міндетті түрде ауысады, оның жаңа 
шарттар мен міндеттерге бейімделуі керек болады. 
Еңбек коллективі
- өндірістің қоғамдық мәніне бағытталған ұйымдасқан адамдардың 
бірігуі. Мұндай бірігу – қиын әлеуметтік заңмен құрамдалған, әр адамның өз орны бар байланыс. 
Коллектив әрекетін жеке адамдардың жиынтығы деп, алайда топтық әрекеттің қарапайым 
түрінде де жеке субьектілердің механикалық қарапайым әрекеті деп те болмайды. 
1987 жылы алғашқы фундаменталды зерттеулер көрсеткендей, жұмыстың сапасын 
қарапайым адамның қатысуымен көтеруге болады деген. Зерттелінуші қиын емес тапсырманы 
орындауда, құмды орауда, егер жанында адам болатын болса ,ол өз ісін тиянақты орындайды. 
Басқа адамның қатысуы әрекетті стимулдайды. 
Р.Мертон топты бір- бірімен байланысқан белгілі бір адамдардың жиынтығы деп 
түсіндіреді. 
Басқа сөзбен айтқанда, тек адам ғана өзі бір белгілі бір топқа жататынын санамайды, 
сонымен қоса басқалар да адамға қарап қандай топқа жататынын айта алады. Егер біз белгілі бір 


этникалық немесе діни топқа жататын болса,біз сол адамға қарап топтың өзі сол адамға әсер етеді 
деп айтамыз,яғни оның әрекеттері басқа топ адамдарының ықпалының нәтижесінде жүзеге асады 
дейміз. 
Адамның осы топқа сәйкестігі мәнін эксперименталды зерттеулер дәлелдеп отыр. Америка 
психологы Уайлдер студенттерден белгілі бір шешім қабылдағалы жатқан адамдарды бақылауды 
өтінді. Сол бақылауда кейбіреулері жалғыз әрекет етті. Басқа адамдардың жанына үш бейтаныс 
адамдарды отырғызды. Және студенттерге бұл төрт адамдар бір-бірімен мүлде таныс 
емес,кездейсоқ жиналған адамдар екенін ескертті.Тағы бір адамдар болды.Ол адамдар бірге 
отырған және топ болып құрылуына көп болған жоқ екенін студенттерге ескертті. 
Содан соң осы адамдардың ішінде жалғыз шешім қабылдаған адамдар болды ма екенін 
анықтауды ,сонымен қоса топ ықпалы болды ма екенін анықтауды сұрады. Жалғыздан отырған 
адамдар,студенттердің пікірінше шешімді өз беттерімен қабылдады.Ал таныс емес адамдармен 
отырған адамдар басқа адамдардың ықпалымен шешім қабылдады деген пікірге келді. Және 
де бұдан студенттердің түйгені, топ адамның шешім қабылдауға ықпалын тигізді деген. 
Үш негізгі сипаты: әрекеттестік,мүшелік, топтық сәйкестілік- көптеген топқа тән.Алайда 
адамдарға байланысты топ түрлі сапалы болады. Мұндай жағдайларда алғашқы және кейінгі топ 
дейді. 
Алғашқы топты индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты байланысқан аздаған адамдар 
санынан құралған топты атайды.Осы топ жайлы алғашқы түсініктер ,берік эмоционалды қарым-
қатынас орнаған отбасыларға қолданды. Оны енгізген, Ч.Кули. Кулиге сәйкес, 
«алғашқы,бастапқы» (первичный)деп аталу сесебі ,ол сәбилердің әлеуметтену процесінде негізгі 
рөль атқаратын бірінші топ болуында деген. Кейінне бұл атауды кез келген тығыз тұлғалық 
қарым-қатынас орнаған топты зерттеуде қолданы берді. 
Кейінгі (вторичная) топты ,эмоционалды қарым-қатынасы жоқ деп айтуға болатын адамдар 
жиынын айтады. Олардың қарым-қатынасы белгілі нақты бір мақсатқа жетуге шартталған. Мұнда 
тұлғалық сапаларға мән берілмей, белгілі бір функцияларды атқара алуына байланысты негізгі 
мән беріледі.Іс жүргізуші,курьер,инженер,администратор қызметін сәйкес дайындығы және 
тәжірибесі бар кез келген адам істей алады. Егер осы қызметтегі адамдар өз жұмыстарын орындай 
білсе, мекеме де жұмыстарын атқара алады. 
Әрқайсысының индивидуалды ерекшеліктері кейінгі топқа еш мағына бермейді,және 
керісінше алғашқы топ та бірегей болады. Бірақ көрсетілген ерекшеліктерді абсолюттеуге 
болмайды.Адамдар достық қарым-қатынасқа түсіп жұмыста, мектепте, тагы бір белгілі бір топ 
ішінде жаңа топ құрайды.Егер әңгімелесіп отырған адамдар арасында берік қарым-қатынас 
орнаса, бұларды алғашқы топ деп атауға болады. «коллектив» деп аталатын кеңес 
психологиясындағы атау осыған тән. 
А.В.Петровский топ дамуының келесі схемасын шығарған. Оның айтуынша топ дамуының 
бес дәрежесі бар:Диффузды, ассоциация, кооперация, корпорация және коллектив. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет