Анықтамасы: ерін-еріндік жуысыңқы үнді
Мәртебесі: жүйеқұрауыш
Қызметі: тұйық рай көрсеткіші
Тіркесімі: тек дауыстыдан кейін
келеді
Шеп орналасымы: сөз басында кездеспейді
Жиілігі: жиі кездеседі
Ұқсастығы: орыс, араб тілдерінде жоқ, ағылшын тілінде бар.
Тағы да ғылыми негізге жүгінетін болсақ, халықаралық фонети-
калық әліпби (ХФӘ немесе МФА – международный фонетический
алфавит) үлгісі бойынша таңбасы
w болуға тиіс. Бұдан әрі қарай осы
таңбаны тұрақты пайдаланатын боламыз.
Енді неге «шала дауысты» немесе бірде дауысты, бірде дауыссыз
болып жүргеніне тоқталайық. Өйткені: бірінші, оның жасалымы
(артикуляциясы) дауыстыға ұқсайды, себебі ауыз қуысында кедергі
жоқ; екінші, оның тілдегі қызметі дауыссызға ұқсайды, себебі буын
құрай алмайды. Тіл жүйесінде оның екінші қызметі басым болып
есептеледі, сондықтан да ол дауыссыз дыбыс болып саналады.
Дауыссыз w дыбысын жоғалтып жүргеніміздің тағы бір себебі
«жалған естілім» болып табылады. Қазақ тілінде сөз басында
кездеспейтін бес дауыссыз дыбыстың бірі
‒ осы w. Ендеше, дыбыс
атауына, өзге дыбыстардай
бы, ды болып дауысты соңынан қосылмай,
дауысты алдынан қосылып,
ұу (
уұ емес) түрінде айтылады. Сондықтан
ұу тіркесінің айтылымы орыс тілінің
у дауысты дыбысының естілімін
еске түсіреді. Қазақ тілі мамандарын да, өзге зерттеушілерді де
шатастырып жүрген осы жайт. Бүлдіршіндер мен бірінші сынып
оқушыларына арналған оқу-құралдарынан бастап
уық, уыс т.б. «сөздер
у дауысты дыбысынан басталып жатыр». Орыстақы
у таңбасының
машақаты бір мұнымен бітіп жатқан жоқ. Сөздіктер тізбегіндегі