сұраймын» , – деп үш рет айтып, сосын сөзін ары қарай жалғастырды: «Расында, мүмін пенде дүниеден өтіп Ақыретке бет алар кезде 2 , оған аспаннан жүздері күннің сәулесіндей нұрлы, кіршіксіз ақ періштелер түседі. Өздерімен бірге жаннаттың хош иістерінен және жұмақ киімдерінен ала келеді. Мәйіттен көз жетерліктей ара қашықтықта отырады, сосын өлім періштесі (аләйһис-сәләм)
оның бас жағына жайғасып: «Ей, жақсы жан! Аллаһ тағаланың разылығы мен кешіріміне шық!» – дейді. Сонда жан ыдыстың аузынан шыққан тамшы сияқты ағып шығады да оны өлім періштесі алады. (Тағы бір риуаятта:
«жаны шыққан кезде оған аспан мен жердің арасындағы және көктегі барлық періштелер салауат айтып, көк есіктері ашылып, әр есіктің періштелері Аллаһтан оны өздерімен бірге қалдыруды сұрап дұға етеді» , – делінген).
Өлім періштесі жанды алысымен, оны айналасында отырған періштелер қас қаққанша қағып алып, әлгі киімге орап, хош иіс себеді. (Бұл туралы)
Аллаһ: «Сендерге қорғаушы періштелер жібереді, біреулеріңе өлім келген сәтте періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді» 3 , – деген. 1
Әл-Бұхари, Муслим.
2
Яғни, өлер алдында.
3
«Әнғам» сүресі, 61-аят.
24
Одан шыққан иіс жер бетіндегі ең тамаша әтірдің аңқыған иісіне ұқсайды... Сөйтіп періштелер оны алып жоғары