келтіргендерді дүние тіршілігінде де, Ақыретте де мықты сөзбен бекітеді» 2 . 1
«Мутаффифин» сүресі, 19-21 аяттар.
2
«Ибраһим» сүресі, 27-аят. Сондықтан шын мүмін өмірде қандай
қиыншылық көрсе де: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ, Мұхаммед
Аллаһтың елшісі», – деген сенімінен айнымайды әрі қабірдегі
сұрақтарға да дұрыс жауап береді.
25
Сонда ол: «Раббым – Аллаһ, дінім – Ислам, пайғамбарым – Мұхаммед», – дейді. Осы кезде көктен: «Әлбетте құлым рас айтады, оған пейіштің киімін кигізіңдер, оған жаннаттан есік ашыңдар! – деген үн естіледі. Сөйтіп оған жұмақтан есік ашылып, көзі жеткен жерге дейін қабірі кеңейтіледі. Сосын оған жылы жүзді, жақсы киінген, жұпар иісті кісі (тағы бір
риуаятта:
«адам кейпіне еніп» , – делінген)
келіп: «Сені шаттыққа бөлейтін нәрселермен қуантамын, Аллаһтың разылығы мен мәңгілік нығметтері бар жаннатпен қуантамын, міне, бұл – сол уәде етілген күн», – дейді. Мәйіт: «Ал сен ше? Аллаһ сені де жақсылықтармен қуантсын, жүзіне жақсылық тұнған өзің кімсің?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Мен сенің жақсы амалдарыңмын. Аллаһтың атымен ант етемін! Сені тек Аллаһқа құлшылық жасауға асығушы және күнә істерден қашушы ретінде ғана білемін. Аллаһ сені жарылқасын!» – дейді. Сосын оған жаннаттан бір, тозақтан бір есік ашылып, пейішті нұсқап: «Бұл сенің орның, егер күнә істегеніңде Аллаһ оны мұнымен ауыстырар еді», – деп тозақты меңзейді. Ол жұмақтағы көрініске қайран қалып: