14
қабірлерге айналған адамдардан Аллаһ тағаланың азабынан аман
қалып, көрге кірісімен нығметке бөленген ешкімді білмеймін», –
деді», – деген.
Сәбит әл-Бәннәни: «Қабір
басына бардым, одан шыға
бергенімде біреудің: «Ей, Сәбит! Көр иелерінің үнсіздігі сені
алдамасын, өйткені
онда қаншама нәпсілер қиналып, азап
шегуде», – дегенін естідім», – деген.
Мутарриф ибн Әбу Бәкір әл-Һәзәли: «Абдулқайс тайпасында
құлшылық етуді сүйетін бір кәрі кісі бар еді. Ол түнде ғибадатқа
дайындалып михрабқа тұратын, ал күндіз зиратқа баратын. Тіпті
бірде ол бейіт басына көп баратындығы үшін сөгіс алыпты.
Сонда ол: «Әлбетте, қатып қалған жүректерді
тек қорқынышты
көріністерден басқа ештеңе жібіте алмайды. Сол себепті мен
моланы зиярат етемін. Мәйіттер
бейне қабірдің қуыстарынан
шығып жатқандай сезінемін, солған жүз бен қураған сүйектерді
көретін сияқтымын», – депті», – деген.
Бірде Омар ибн Абдул-Азизге бір фақиһ
ғалым келіп, оның
көп құлшылық еткендіктен түрі өзгергенін көріп таң қалады.
Сонда Омар: «Ей, пәленше! Егер көрге көмілгеннен кейін үш күн
өткен соң көрсең – қазір жайнап тұрған жүзім іріп-шіріп,
еріндерім тістерімнен ажырап, аузымда құрттар қаптайды. Ішек-
қарным ақтарылып,
ұрықтар жауырын тұстан шығады, алды-
артымда жәндіктер өріп жүреді. Сонда қазіргі таңданғаның
жайына қалып, сұмдық қорқынышты
көріністен естен танар
едің!» – депті.
Достарыңызбен бөлісу: