12
алдында (яғни намазда және өзге ғибадаттар кезінде) тұруым
алыстатты», – дейді.
Кағб: «Кімде-кім өлімнің не екенін білсе, оған өмірдің
қиыншылықтары мен ауыртпалықтары жеңіл тиеді», – деп
айтқан.
Сафия (Аллаһ оған разы болсын):
«Бір әйел өзінің жүрегінің
жібімейтінін
1
айтып Айшаға
(Аллаһ оған разы болсын)
шағымданғанда, оған Айша: «Өлімді жиі еске ал, сонда жүрегің
жұмсарады», – деді»
, – деген.
Омар ибн Абдул-Азиз бір ғалымға: «Маған уағыз айт», –
дегенде, ол: «Өліммен кездесетін
халифалардың алғашқысы
емессің...», – деді. Омар: «Тағы айта түс», – дегенде, ол: «Адам
атадан бергі әкелеріңнен өлім дәмін татпаған ешкім жоқ, сенің де
кезегің келеді», – деді. Сонда Омар көңілі босап жылады.
Бірде Амр ибн әл-Ас (Аллаһ оған разы болсын) зират жақтан
көзін алмай ұзақ қарап тұрады да, көлігінен түсіп, үйіне кіріп екі
ракағат намаз оқиды. Сонда оған серіктері: «Бұрын бұлай
істемейтін едің ғой?» – дейді, сонда Амр:
«Қабір иелерін және
олардың ғибадатқа қолдары жетпей тұрғандарын еске алдым,
сөйтіп Аллаһқа сол екеуі арқылы жақындауды жөн көрдім»
, –
дейді.
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын):
«Пақыр, жоқшылық
халге ұшырайтын күнімнен хабардар етейін бе? Ол – қабірге
қойылатын күнім»
, – депті.
Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын)
кейде зират басында
ұзақ отыратын. Себебін сұрағандарға:
«Барар жерімді есіме
түсіретін, егер кетіп қалсам артымнан ғайбаттамайтын
(өсектемейтін)
қауыммен бірге отырамын»
, – дейтін.
Жағфар ибн Мұхаммед түнде молаға келіп: «Уа, қабір иелері!
Менде қандай ақау бар? Шақырсам неге жауап бермейсіңдер?» –
дейтін. Содан кейін: «Аллаһтың атымен ант етемін! Олар
сұрағыма жауап қата алмайды, мен де солар сияқты болармын», –
дейді. Содан соң үйіне қайтып, таң атқанша намаз оқитын.
Омар ибн Абдул-Азиз өзімен бірге отырғандардың біреуіне:
«Ей, пәленше! Бүгінгі түнді қабірді және оның иелерін еске
1
Яғни иманның ләззатын сезінбейтінін.
13
алумен өткіздім.
Егер мәйіт жерленіп, үш күн өткен соң оның
қабірде не халге ұшырағанына көз салсаң ол кешегі сыйлас досың
болса да, оған жақындаудан қорқар едің. Жатқан жерінде
жәндіктер қаптап, құрт-құмырсқа өріп жүргенін, мәйіттің иісі
қолқаны атып құрттарға жем болғанын көресің. Тірі кезінде таза
көйлек, хош иіс, сәнді киімдер көрік
берген кірпияз кісінің
ұсқынсыз кейіпке түсуі.., періштелердің қатты шыққан даусынан,
мәйіттің дірілдеп қоя беруі.., міне осы көріністен жаның
түршікпей ме?» – депті.
Хатим әл-Асам: «Кімде-кім молалардың жанынан өткенде
өзінің де солардай болатыны туралы ойланбаса, оларға дұға
етпесе, онда өзіне және оларға қиянат жасағаны», – деген.
Хасан ибн Салих қабірлерге барлай қарап тұрып: «Сыртқы
көріністерің
қандай әдемі, әйтсе де қиыншылықтар мен
жаманшылықтарыңды ішке бүгудесіңдер», – дейтін.
Ата әс-Суләми әр түн сайын бейітке келіп: «Уа, көр иелері!
Өлдіңдер, мен де өлемін, амалдарыңның нәтижесімен
қауыштыңдар, мен де қауышамын», – дейтін. Содан соң: «Ертең
Атаның орны қабірде, ертең Атаның орны қабірде», –
деп таң
атқанша қайталайтын.
Рабиғ ибн Хусәйм ауласының бір түкпірінен қабір қазып
қойыпты. Егер жүрегінен сәл қаталдық, дүниеге құштарлық,
иманы әлсірегенін байқаса әлгі көрге кіріп, біраз отырып:
Достарыңызбен бөлісу: