227
Намаз
бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, күнә жа-
саудан сақтайды»
262
, – деп түнгі намазға шақырған.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнгі намазға өте жақсы
мән берген. Бірде Ата деген таби’ин
263
Хазірет Айша-
дан сұрайды:
«Аллаһ Елшісінің ерекше бір жағдайын
айтып бересіз бе?» Сонда Хазреті Айша: «Оның ерекше
болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан
кейін маған қарап: «Бүгін маған рұксат бер, Раббыма
құлшылық етейін?», – деді. Дәрет алып, намазға тұрды.
Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан
аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке
барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге
барған кезде де халі осылай болды. Аллаһ Елшісінің көз
жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына
дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Аллаһ
Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге
осыншама жылайсың?
–
деп едім, ол: «Шүкір еткен құл
болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Аллаһ осы түні
маған мына аяттарды түсірді:
Достарыңызбен бөлісу: