Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет132/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Шексіз көктер мен 
жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп, 
кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер 
бар. Олар түрегеп тұрып, отырып, жанымен жатып, 
Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен 
жердің жаратылуы жайлы ойланып, терең толғанып: 
«Раббымыз! Сен мұны тектен-текке жаратпадың. Сен 
пәксің. Бізді от азабынан сақта! Раббымыз! Сен кімді 
отқа салсаң, сөзсіз оны қорлап, жермен-жексен етесің. 
Залымдардың ешқандай көмекшісі жоқ. Раббымыз! 
Біз «Раббыларыңа иман етіңдер» деп шақырған 
262
Тирмизи, Дә’ауат, 101.
263
Сахабаларды көргендер.


228
Ислам ғылымхалы
шақырушыны ести сала иман еттік. Раббымыз! 
Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды 
жасыр. Әрі игі жақсылармен бірге жанымызды ал! 
Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. 
Қиямет күні де бізді тастап қор қылма. Сөзсіз, Сен 
берген уәдеңнен таймайсың деп тілейді»
264

Осыдан 
кейін «Осы аяттарды оқып, терең ойға батпағанның 
халі неткен өкінішті!», – деді».
Сүнниттердің төрт имамы да түнгі намаздарына 
қатты көңіл бөлген. Әшәб ибн Абдулазиз Имам Малик 
туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа 
шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара 
жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фа-
тиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи баста-
ды. 
«Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден 
сөзсіз сұраласыңдар»
аятына жеткен кезде кемсеңдеп, 
жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай 
берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап 
қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. 
Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. 
Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін 
мешітке бардым.
Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның 
айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып 
жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде 
мен 
«Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі нұрлы 
болады» деген хадисті есіме алдым»
265
.
Имам Ағзам да түнде ұйықтамай Құран оқитын. 
Кейде бір аятты таңға дейін қайталап жылайтын. Оның 
264
Әли Имран, 3/190-194.
265
Геже ибадеті, Абдулхаким Юже, Измир,.49-50.


229
Намаз
қатты жылағанын көршілері де естіп, жаны ашитын. 
Иә, бәрі де осылай жылайтын. Бұл ғұмырда жүрекпен 
жыламаған бейбақтардың ақыретте жылайтыны сөзсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Жаһаннам халқы жы-
лаумен азапталады. Олар көз жастары таусылғанға 
дейін жылайды. Одан кейін көздерінен аққан жастың 
орнына қан аға бастайды. Соңында беттеріне ойық 
пайда болады. Көз жастарының аққаны сонша кемелер 
қонса жүзер еді»
266
, – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет