329
алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру
жеткілікті. Құранда Аллаһ Тағала «Ораза ұстауға шамасы
келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,
348
– дейді.
Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят – кәрі адам-
дар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен кейбір
қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе,
Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмай-
тын жүкті бермейді»
349
.
Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның
уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері
арасында
ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес.
Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық
жасаған емес»
350
.
Кәффарат түрлері
Қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы
жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда
өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл
– әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фиқһта бес түрлі
кәффарат бар.
Достарыңызбен бөлісу: