343
ЗЕКЕТ
Араб тілінде «зекет» – көбею, өсу, берекеттену,
тазалық сияқты мағыналарды білдіреді. Ал зекеттің
шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап
368
көлеміне
жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының
белгілі бір бөлігін жылына бір рет Аллаһ Тағаланың
ризалығы үшін Құранда
белгіленген адамдарға
иелендіруі.
Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы қалған байлықтың
көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан
тазаруына себеп болғандығынан.
Зекеттің пайдалары мен хикметтері
1. Аллаһ Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап,
тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-
сыяпатқа кенелтіп, өзінің мейіріміне бөлейтіндігі тура-
сында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Аллаһ Тағаланың
бұйырған
әмірлерінің біреуі,
сондықтан орындау-
шысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Аллаһтың
ризашылығына шомары сөзсіз. Сонымен қоса6 зекет
– «Тәубе» сүресінің 103-аятында білдірілгендей
күнәлардың кешірілуіне себеп.
«Олардың малда-
ры көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін
мұсылмандардың малдарынан садақа ал»
.
2. Жалпы адам баласының бойында дүние-
мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық
368
Нисап: зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.