Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет201/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану 
сияқты жаман сипаттар бар. Зекет ғибадаты адамды 
осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тәкаппарлық 
сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кішіпейілдік, 
жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға 
тәрбиелеп, баулиды. Байлығының бір бөлігін тек қана 
Аллаһ ризашылығы үшін пақыр отандастары мен 
діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мұсылман 
баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа 
айналары сөзсіз.
3. Зекет – қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы 
байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелейді. 
Мәселен, кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына 
қарасқандықтан кедей де байларға құрметпен қарап, 
олардың дүние-мүліктеріне сұқ көзденбейді. Қызғанып, 
қастандық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді 
ғұмыр кешеді.
4. Зекет – қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа 
өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті әлсіздіктен 
сақтайды.
5. Зекет – капиталдың тек қана байлардың ара-
сында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Зекет – Исламның көпірі»
369
– деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей 
деп бөлінудің зекет арқылы бір дастарқан басына 
жиналатындығын ишарат етуде. Өйткені, зекет – бай 
мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат.
Ислам діні 
«Өзім тоқ болсам болды, өзгенің өмірем 
қапқанында шаруам жоқ» немесе «қиындығын сен көр, 
қызығын мен көрейін»
– деген сияқты қара басын ғана 
369
Һайсәйми, Мажма’уз-зәуайд, 3/62.


345
Зекет
ойлайтын өзімшілдікке қарсы шығу арқылы бай-кедей 
арасындағы қайшылықтардың алдын алады.
Аллаһ бұл дүниені адамдардың барлығына 
толық жететіндей нығметтерімен безендірген. Сол 
нығметтерді әділ бөліске салмаған мына дүниеде 
көптеген қиыншылықтар кездесуде. Соның кесірінен 
ат төбеліндей ғана топ рахат өмір сүріп, жай халықтың 
көбі қиыншылық пен жоқшылықтан көз ашпауда. Міне, 
зекет – кірістің таратылуындағы осы теңсіздікті жойып, 
әділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол, 
мәні зор ғибадат. Қысқасы, зекет – хадисте айтылғандай, 
байдың мейірімділігін, кедейдің құрметін тудыратын, 
оларды өзара дәнекерлейтін иләһи көпір.
6. Зекет ғибадаты – Аллаһ Тағала берген байлыққа 
деген шүкіршілік. Зекет беруші мұсылман қолындағы 
байлықтың Аллаһ Тағала берген жақсылық екенін 
ұғынады. Өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты 
талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екендігін 
түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға 
шүкір етеді. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. 
Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретумен, дене мүшеміздің 
шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен 
орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі 
мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. 
Яғни, байлық нығметінің шүкірі аузымызбен айтылатын 
«Аллаһқа шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.
7. Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан 
сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасай-
ды. Пайғамбарымыз: 
«Малдарыңды зекет беру арқылы 
қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, 


346


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет