421
Қажылық
лақтырады. Қалған екі Орта және Кіші шайтан тасқа
тастарды кез-келген жақтан лақтыруға болады.
Шайтанға тас лақтырудың мәкрүһтері
1. Белгіленген орынға жетпей қалған тастарды
алып
қайтадан лақтыру
2. Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастары-
нан жинап алып лақтыру
3.
Нәжіс тиген тастарды лақтыру
4. Бір тасты сындырып,
бірнеше тас жасап
лақтыру
5. Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас
лақтыру
6. Шайтан тасқа аяқ киім, шүберек
сияқты
нәрселерді лақтыру
Шайтанға тас лақтыруда өкілдік
Ислам – жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз
оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің
орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына
болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып,
содан кейін басқасының орнына лақтырады. Бірақ,
күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса,
күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері
лақтырады.
Достарыңызбен бөлісу: