Ислам ғылымхалы төбесіне шықты. Бірақ ешқандай тірі жанның қарасы
көрінбегеннен кейін Сафа мен Мәруа төбешіктерінің
арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі-
қарсылы жүгіре бастады. Мәруа төбешігіне жетінші рет
шыққан кезінде құлағына беймәлім бір дауыс естіліп,
қалт тоқтайды. Ажар анамыз:
«Ей, дауыс иесі! Бізге даусыңды естірттің, егер бізге көмектесе алатындай күшің болса, көмектес» , – деді. Ажар анамыздың осы
мінәжаты бітісімен Зәмзәм бұлағының жанында періште
Жебірейіл (а.с.) көрінді. Жебірейіл (а.с.) жерді қазып
жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады.
Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Ажар анамыз су
ақпасын деген мағынада «зәм-зәм» дейді. Судың алдын
бекітіп, кішігірім хауыз жасады. Ыдысына су алған
сайын, орнына су қайнап шыға берді. Ыдысты суға
толтырғаннан кейін мүбәрак судан қанып ішіп, ұлы Ис-
майылды емізе бастады. Жебірейіл (а.с.) Ажар анамызға
былай деді:
«Жоқ болып құрып кетеміз деп қорықпаңдар. Міне, мына жер – Бәйтуллаһтың (Қағбаның) орны. Оны мына сәби мен әкесі салады. Аллаһ Тағала бұл үйді са- латындарды зиянға ұшыратпайды». Міне, Зәмзәм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі
кездегі қажылардың Сафа мен Мәруа төбелерінің ара-
сында жүгірулерінің хикметі – Ажар анамыз бен ұлы
Исмайылдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны
сезіну және жандандыру.
Зәмзәм суы – мүбәрак және киелі су. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) зәмзәм суының қасиеттері жайында:
}ُهَل َبِِر ُش اَمِل َمَزْمَز ُءاَم{
«Зәмзәм суын қандай мақсатпен ішетін болса, сол мақсатқа пайдалы» 424
– деген. Яғни
424
Кутубу-ситта, 923/6910.
425
Қажылық ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық
болсын деп ішсе, азық болады. Ажар анамыз бен ұлы
Исмайыл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен
қоректенген.