429
Қажылық
Шашты алғызу мен қысқартудың басқа
қажылық амалдары арасындағы орындалу
реті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында
құрбан
айтының алғашқы күні Муздәлифәдан Минаға келіп,
Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған
соң, құрбанын шалды,
сосын шашын алғызды және
зиярат тауабын жасады. Міне, сондықтан Имам Әбу
Ханифа бойынша тәматтуғ немесе қиран қажылығын
ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға
тас лақтырған соң құрбан шалып, сосын шаш алғызып
немесе қысқартулары уәжіп. Яғни тәматтуғ және қиран
қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтыру, құрбан
шалу және шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет-
ретімен орындау – уәжіп. Ал, ифрад қажылығында
Үлкен шайтанға тас
лақтырғаннан кейін шаштарын
алғызулары немесе қысқартулары – уәжіп. Бұларды рет-
ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат тауабын осы
міндеттерді орындағаннан кейін істеу – сүннет. Шайтанға
тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алғызудан бұрын
немесе бұлардың араларында зиярат тауабын істеу
сүннетке сай орындалмағаны үшін мәкрүһ, бірақ жаза
өтеу керек емес.
Имам
Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша,
қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және
шаш алу міндеттерін рет-ретімен орындау уәжіп емес,
сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да жаза өтелмейді.