Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет62/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Намаз оқымаған жанның үкімі қандай 
болмақ?
Намаздың ақылды, балиғат жасына жеткен, хайыз 
бен нифастан тазаланған мұсылмандарға парыз екені 
жайлы ауызбірлік бар. Намаз бен ораза секілді тәндік 
ғибадаттарда өкілдік іске аспайды. Намаздың парыздығын 
теріске шығарған діннен шығады. Өйткені, намаз айқын 
аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған. 
Жалқаулық, немқұрайлылық себебімен намазды тастаған 
күнәкар және пасық болады.
Намаз оқымау – дүние мен ақырет азабына себеп. 
Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады: 
«Олар 
жәннатта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамға 
түсулеріңе нендей себеп болды?», – деп сұрайды. 
Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», – деп жауап 
қатады»
113

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
 «Әдейі 
намазды тастаған адамға Аллаһ пен Пайғамбардың 
көмегі болмайды»,
114
 – дейді. «Кімде-кім жұма намазына 
немқұрайлылықпен қарап, оны үш рет тәрк етсе, Аллаһ 
Тағала оның жүрегіне мөр басады»
115
.
Имам Ағзам мәзһабы бойынша, жалқаулық жасап, 
намазды тастаған адам, намаздың парыздығын теріске 
шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәһар, пасық 
болады. Оған намаз жайлы ескертіліп, насихат етіледі 
немесе тәрбие үшін жаза беріледі
116
.
Кімде-кім намазын ұмытып немесе ұйықтап қалса 
яки жалқаулықпен оқымаса, сол оқымаған намаздарының 
113
Мүддәссир, 74/40-43.
114
Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.
115
Насаи, Жума, 2; Тирмизи, Жума, 7; Ибн Мажа, Иқама, 93.
116
Ибн Абидин, I. 32.


115
Намаз
қазасын міндетті түрде оқиды. Хадисте: 
«Кімде-кім 
ұйықтап қалып, ұмытып намазын оқи алмаса, еске 
түскен сәтте дереу оқысын»
.
117
Намаз – өте маңызды мәселе. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.): 
«Қиямет күні адамның алғаш есепке тартыла-
тыны – парыз намазы. Егер осы намазды толық орында-
са, неткен тамаша?! Керісінше жағдайда: «Қараңдар, 
нәпіл намазы бар ма екен? Егер нәпіл намазы болса, 
парыздардың кемістігін осы намаздармен толтырыңдар. 
Бұдан кейінгі басқа парыздар да дәл осылай жасалады»

деп айтылады
118
.
«Намаз – жүрек пен рухтың тынығуы, ар-ожданның 
сейіл құруы. Әркімнің әлсіздігі мен құмарлығы бар. 
Аллаһ Елшісінің аса ынтық құмарлығы намазға арналған 
еді»
119
. Сол үшін де әрбір намаздың уақытында Біләлға 
қарап: 
«Біләл, жанымызды рақатқа бөле! (Жансарай-
ымызды кеңейтші!)»
120
, – дейтін. 
«Намаз – көзімнің 
қарашығы»
121
, – деуі осы ерекшелікті көрсетеді.
Сондықтан біз жәннатқа кірген кезде сезінетін 
ғажайып сезім мен қуанышты Аллаһ Елшісі әрбір 
намазын оқығанда сезіп, келесі намазды аса ынтық 
көңілмен күтетін. Намаз – адамды миғражға һәм толық 
адам шыңына жету жолдарын көрсетіп, жөнге салатын 
маңызды ғибадат. Ол – мұсылманның миғражы. Намаз 
117
Әбу Дәәуд, Салат, 11, Ибн Мажә, Салат, 10, Насаи, Мауақит, 
53.
118
Әбу Дәәуд, Уитр, 2; Насаи, Салат, 6; Дарими, Әбу Мухаммәд 
ибн Абдуррахман, Сунән, Египет. т. Салат, 208; Малик ибн 
Әнас, Муатта, Египет, Салату, л-Лайл, 14.
119
Мәжмау-з-Зәуәид, 2/271.
120
Әбу Дәәуд, Әдәб, 87; Муснәд, 5/364-371.
121
Нәсә и, Нисә, 1; Муснәд, 3/128.


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет