120
Ислам ғылымхалы
сәждесі және басталып, аяқталмай бұзылған намаздың
қазасы жатады. Нәзір намазы – адамның өзіне міндет
болмаған намазды атау арқылы уәжіп еткен намаз.
Нәпіл намаздар
Парыз бен уәжіп намаздардан өзге намаздар «нәпіл
намаз» деп аталады. Парыз намаздардың алдында және
соңында оқылатын сүннет
намаздар нәпіл намазға
жатады. Нәпіл намазды сүннет намаздарынан бөлек
дәрежеге жатқызған ғалымдар да бар. Олар намаздар-
ды төртке бөледі:
1) Парыз намаздар
2) Уәжіп намаздар
3) Сүннет намаздар
4)
Нәпіл намаздар
Бірақ ең дұрысы, парыз бен уәжіп намаздардан тыс
намаздарды – жалпы нәпіл намаз деп атап, бұларды
жеке-жеке топқа бөлу. Бұл – жүйелі және ерікті сүннет
деп екіге бөлінеді. Жүйелі (рауатиб) сүннет белгілі бір
жүйемен бес уақыт парыз намаздарымен бірге оқылған
намаздар. Яғни, белгілі тәртіппен оқылған сүннет на-
маздар.
Бұл сүннеттер де «мүәккәд» (бекітілген) сүннет»,
«ғайру мүәккәд» (бекітілмеген) сүннет болып екіге
бөлінеді. Мысалы, таң намазының екі рәкат сүннеті –
мүәккәд сүннет, намаздыгер мен құтпанның алдындағы
төрт рәкат сүннеттер – ғайру мүәккәд сүннет болып са-
налады.
Екінші «ерікті» сүннетке – Хазіреті Пайғамбардың
белгілі бір уақыттарда немесе кейбір себептер арқылы
оқыған, адамның қалауымен кез-келген уақытта Аллаһқа
121
Намаз
жақындау үшін оқыған намаздар жатады. Бұларға
тәһажжүд намазы,
сәске намазы, истихара намазы,
жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиятул-
мәсжид, тәубе намазы, әууабин намазы, тәсбих намазы,
ихрамға кіру намазы, жолға шығу, жолдан оралу намазы,
қажеттілік намазы, дәрет пен ғұсылдан кейін оқылатын
нәпіл намаздар жатады
126
.
Исламда сүннет намаздар, әсіресе,
бес уақыт
намаздардың сүннеттері – парыз намаздарға дайындық
әрі оларға қорған намаз ретінде бағаланған. Әрі бұл
сүннеттер – Хазіреті Пайғамбарға шынайылықты
білдіретін намаздар. Сол себепті,
бұл намаздардың
оқылуы қатты насихат етіліп, тәрк етілуі жаман әрекет
саналған. Бірақ бұл сүннет намаздардың – кейбір се-
бептерге байланысты оқылмауына рұқсат беріліп,
кеңшілікпен қаралған
127
.
Достарыңызбен бөлісу: