Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет64/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Сені естиін. Әрқашан жатсам да, отырсам да, тұрсам 
да есімнен кетпей Сені ойлайын, Сені зікір етейін. 
Өйткені Сенен өзгеге бет бұру, басқаларды көру, басқа 
нәрселермен айналысудың бәрі де түгел бос әурешілік. 
Мен бос нәрселерден қашып, өте маңызды бір нәрсеге 
жүзімді бұрамын». Нәпілде мұншама тырысып, Хақтың 
есігін қағып, парызға түгелдей саналы түрде бас қоюға 
тырысу – парызға терең көңіл қою үшін өте маңызды. 
Дәрет әсер еткен еді. Азан да әсер етті. Нәпілмен үшінші 
қадамды аттадық. Міне, дәл осы кезде азаншы қоңыр да-
усымен, ыстық ықыласымен Аллаһқа бет бұрып, тәкбір 
айтады. Бұл бізді қатты толқытуға себепкер ең соңғы 
әсерлі де нұрлы сөздер еді. Дәл осы сәтте адамның жан 
дүниесі толқып, Аллаһ Тағалаға түгел беріліп, жүзін 
бұрып, 
«Михрабым қайдасың»
деп іштей терең жылай 
алмаса, ол адамда нұқсандық бар. Азаншы тәкбір айтып, 
Аллаһтан басқа адамды мазалайтын барлық нәрсеге 
соңғы рет соққы беріп, құл «Аллаһу әкбар» деп намазға 
оймен кіріп, рүкуғке, сәждеге барған кезде де осы сөзді 
қайталап айтады. Осылайша намаздың әрбір басында 
Раббтың ұлылығын, өзінің кішілігін паш етіп: 
«Раббым, 
Сен ұлысың, мен болсам кішімін»
, – деп Оның алдын-
да толық құлшылық санасымен бас иіп, терең ойға 
батады»
125
.
Намаз түрлері
Намаз үшке бөленеді:
1) Парыз
125
М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры. 
Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)


119
Намаз
2) Уәжіп
3) Нәпіл
Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтар «уәжіп үкімі» 
дегенді қабыл етпейді. Олар парыз және нәпіл деп на-
мазды екіге бөледі:
Парыз намаздар
Парыз намаздар
– «айн парыз» (жалқы парыз), 
«кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Айн 
парыз намаз – балиғатқа толған барлық мұсылмандарға 
парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға 
міндетті. Айн парызға бес уақыт намаз бен жұма намазы 
жатады. 
Жұма намазы – сол күнгі бесін намаздың орнына 
жамағатпен оқылатын екі рәкат намаз. Жұмадан кешіккен 
сол күннің бесін намазын оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет