Ислам ғылымхалы
үтір намазынан бұрын оқылады. Бірақ құптан намазынан
бұрын тарауих оқылса, қайта оқуға тура келеді.
Полюстердегі намаз уақыттары
Бұл тұрғыда екі көзқарас бар:
Уақыт – намаздың бір шарты. Сол себепті бір жерде
намаз уақыттарының бірі немесе екеуі жоқ болса, сол
уақыттағы намаздар, сол жердің халқына парыз емес.
Мысалы, кейбір жерлерде жылдың бір мезгілінде батқан
күннің шапағы жоғалмай тұрып, таңның екінші шапағы
атып, таң намазының уақыты кіреді. Мұндай жерде
құптан намазы оқылмайды. Өйткені түн уақыты – құптан
намазының парыз болуына негізгі себеп.
Кейбір фақиһтердің көзқарасы бойынша, мұндай
жерлерде өмір сүрген мұсылмандарға да бес уақыт
намаз парыз. Тұрған жерлерінде бес уақыт намаздың
бірінің уақыты кірмесе, онда сол уақыттың намазын
қаза етеді немесе сол аймаққа ең жақын бес уақыты
кіретін аймақтың уақытына қарай анықтап, намаздарын
орындайды. Уақыт қаншалықты намаздың шарты мен
себебі бола тұрса да, намаздың негізгі себебі – Аллаһтың
жарлығы. Соңдықтан барлық мұсылмандар бес уақыт
намаз оқуға міндетті. Күннің ұзақ уақыт шықпайтын
немесе батпайтын полюс аймақтарда намаз жоғарыдағы
негіздерге қарай іске асады
136
.
136
Білмен, а.а.е., 117.
127
Намаз
Мұстахап уақыттар
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе
абзал екені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тікелей іс жүзінде
орындауы мен хадистерінде белгіленген.
Олар:
Таң (бамдат) намазын төңірекке жарық түсіп, айнала
көрінген уақытта оқу жөнінде Хазіреті Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді:
«Таң намазын жарықта оқыңдар.
Өйткені, мұның сауабы өте үлкен»
137
.
Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта
оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазды уақыты кіре
оқу – мұстахап. Әнас (р.а.) былай дейді:
«Аллаһ Елшісі
қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда
салқын түскенге дейін кешіктіретін»
138
.
Намаздыгер намазының парызын төрт мезгілде
де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін
кешіктіру – мұстахап.
Ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен
қамат арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт
бөлінеді. Өйткені, ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді
«Ақшам намазын
жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім
берекетте»
139
.
Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін
кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай
дейді:
«Үмбетіме қиын болмағанда, құптан нама-
137
Тирмизи, Салат, 3; Дарими, Салат, 21.
138
Бухари, Жум’а 17.
139
Әбу Дәәуд, Салат, 6; Ибн Мажә; Салат; 7.
128
Достарыңызбен бөлісу: |