124
Ислам ғылымхалы
дан бұрын оқу, ал аср (намаздыгер) намазын – екінші
аср болғанша оқымаған абзал.
Аср (намаздыгер)
Аср уақыты – бесін уақытының шыққан сәтінен
бастап, күннің батуына дейінгі мезгіл. Жоғарыда айтылған
көзқарас бойынша, аср уақыты – мүштәһиттердің басым
көпшілігі бойынша, барлық нәрсенің көлеңкесі бір
есе, ал Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, екі есе
болған сәттен басталып, күннің батқан уақытына дейін
жалғасады.
Бұған мына хадис дәлел:
«Күн батпай тұрып, аср
намазының бір рәкатына үлгерген адам, аср намазына
үлгереді»
132
.
Мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, аср на-
мазын күннің сарғаю уақытына дейін кешіктіру – мәкрүһ.
Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Бұл уақытта
оқылатын намаз – мұнафықтардың (екі жүзді) намазы.
Мұнафық отырып алып, күнді күтеді. Күн шайтанның
екі мүйізінің арасына кірген (бата бастаған) кезде,
апыл-ғұпыл аср намазын төрт бас оқып, Аллаһты өте
аз еске алады»
133
.
Достарыңызбен бөлісу: