Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Намаздың парыз болу шарттары



Pdf көрінісі
бет72/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Намаздың парыз болу шарттары
Мұсылман болу. Намаз – мұсылман болған ер 
кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес. 
Өйткені олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің 
тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі 
жазасы – күпірліктің қарымы.
Балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген 
балаға намаз парыз емес. Өйткені, Аллаһ Елшісі былай 
дейді: 
«Үш адамға қалам жазылмайды: Айыққанға дейін 
ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға 
және балиғат жасына жетпеген балаға»
146
.
Ақыл-есі дұрыс болу: Ақыл – ислами жауапкер-
ліктің негізі. Сондықтан Ханбәли мәзһабынан басқа 
фақиһтардың көзқарастары бойынша, ақылынан адас-
қанға намаз парыз емес. Бұл жайлы хадисті жоғарыда 
айтып өттік.
145
«Жайнамаз». Мұхитдин Исаұлы, «Қазақ әдебиеті», 29.3.2002.
146
Бухари, Талақ, 11; Тирмизи, Худуд, 1.


132
Ислам ғылымхалы
Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – 
сыртында, алтауы – ішінде. Әуелі сыртында болғандарға 
тоқталайық.
1. Хадасаттан тазалық.
2. Нәжісаттан тазалық.
3. Әурет жерін жабу.
4. Құбылаға бет бұру.
5. Уақыт.
6. Ниет.
Бұлар намаздың шарттары деп аталады.
Қалған алтауы намаз ішіндегі парыздар:
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6. Ақырғы отырыс
Сыртқы парыздары
1. Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)
Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас 
жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші 
хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас 
немесе үлкен хадастан тазалану – жуыну, дәрет алу 
немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады. Құранда Аллаһ 
былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет