Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет93/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«имам әмин деген кезде 
сендер де әмин деңдер»
деген хадисіне келер болсақ, бұл 
хадис те «әминнің жария айтылуына нақты дәлел емес. 
Себебі, бұл хадистегі 
«имам әмин деген кезде»
тіркесін 
Ханафи және Малики ғұламалары және басқа да Хафиз 
Ибн Хажар секілді хадис ғұламалары:
«Имам әмин дейтін 
жерге келген кезде яки әмин дейін деген кезде»
– деп 
түсінген. «Әмин» сөзін имам мен жамағаттың бір сәтте 
айтуы үшін осылай түсінілуі қажет. Бұлай болмағанда, 
имам «әмин» деп қойғаннан кейін ғана жамағат «әмин» 
дей алады. Оған дәлел басқа бір хадисте «имам тәкбір 
алғанда, сендер де тәкбір алыңдар» делінгендіктен, 
имам тәкбір алғаннан кейін барып жамағат тәкбір алады. 
Имамның тәкбірінен жамағаттың тәкбірі сәл кеш айты-
латыны мәлім. Жоғарыда келтірген 
«Имам уәләддаллин 
деген кезде, әмин деңдер»
– деген хадис пен 
«Имам 


166
Ислам ғылымхалы
әмин деген кезде, әмин деңдер»
– деген осы екі хадистің 
мағыналарындағы қарама-қайшылықты болдырмау үшін 
Ибн Хажар әл-Асқалани осылай жорамалдау керек деген. 
(Мухаддис Зафар Ахмад, Илаус-сунан, 2-том, 231-бет).
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Имам әмин деген кезде» 
деген тіркесін «әмин дейін деген кезде» деп түсінуіміздің 
тағы мынандай негізі бар. Барлық ғұламалар Құрандағы: 
«Намазға тұрған кезде жүздеріңді және қолдарыңды 
шынтақтарыңа дейін жуыңдар. Әрі бастарыңа мәсіх 
тартып, аяқтарыңды жуыңдар»
– деген аятындағы 
«намазға тұрған кезде» 
делінген тіркесті 
«намазға 
тұрарда»
– деп бірауыздан түсінген. Себебі, намазға 
тұрып қойғаннан кейін дәреттің алынбайтындығы айт-
паса да түсінікті. 
• Насруддин Әлбани өзінің «Тәмәмул-минна фит-
та

лиқ ала фиқһус-сунна» атты кітабында былай дейді: 
«Жамағаттың да имаммен бірге «әминді» дауыстап 
айтуы керек дейтіндердің: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет