Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет101/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Имам Ағзам бойынша, Құранға қарап намаз 
оқу – намазды бұзады. Намазда имамның қырағатын 
жамағаты түзесе, намаз бұзылмайды. Намазда бір аятты 
оқымағанын намаздан кейін хабар берген сахабаға Аллаһ 
Елшісі (с.а.у.): 
«Маған ескерткеніңде ғой»
, – дейді
218

Егер имам сол аятты оқи алмай басқа аятқа өткеннен 
кейін, түзеткен адамның намазы бұзылады. Сол секілді 
қырағатын сырттан түзеткен адамға ұйып, қырағатын 
түзеткен имамның намазы бұзылады.
2. Ішіп-жеу.
Намазда мейлі әдейі, мейлі білмей бір 
нәрсе жеу, ішу намазды бұзады. Үлкен болсын, кіші 
болсын бәрібір. Тістің арасында қалған ноқат дәнінен 
үлкен нәрсені намазда жұтса, намаз бұзылады. Одан кіші 
болса, намаз бұзылмайды. Өйткені мұндай нәрседен сақ 
болу өте қиын. Ауызда еріген қант, шекер, т.б. нәрселерді 
жұту да намазды бұзады.
3. Қатарынан бірнеше іс-әрекет жасау.
Намаз-
да жасалған көп қимыл намазды бұзады. Аз іс-қимыл 
намазды бұзбайды. Намаз оқып тұрған адамның намаз 
оқып, оқымағаны жайлы сырттан қараған адамға қүмән 
келтіретіндей жасаған іс-әрекеті – көп іс-қимыл болып 
саналады. Олар мыналар: Бір адам денесін бір рет немесе 
екі рет немесе әрбір рәкаттарда бір рет, екі реттен қасыса, 
намазы бұзылмайды. Бірақ бір рәкатта қатар-қатар үш рет 
қасыса, бұзылады. Бір саусағымен қолын қимылдатпай 
бірнеше рет қасыса, бір рет қасығанға жатады. Намазда 
себепсіз қатарынан тоқтамай үш қадам басу – намаз-
ды бұзады. Намазда бір қолымен басынан сәлде немесе 
тақиясын алып жерге қоюы немесе бұларды жерден алып 
218
А.б. Ханбәл, IV, 74.


179
Намаз
басына киюі намазды бұзбайды. Бірақ бұл іс-әрекет – көп 
іс-қимылды білдірсе, намазды бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет