Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Әбу Сакан Хужр ибн Ғанбас әс-сақафи: Уайл



Pdf көрінісі
бет96/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Әбу Сакан Хужр ибн Ғанбас әс-сақафи: Уайл 
Ибн Хужр әл-Хадрамидың былай дегенін естідім: 
«Пайғамбарымызды намазды тәмамдағаннан кейін 
көрдім, тіпті, Оның (с.а.у.) жүзін мына жағынан да, 
ана жағынан да көре алдым. Ол (с.а.у.): «ғайрил 
мағдуби алайһим уәладдаллин» деп оқығаннан кейін 
«Әмин» деп даусын созды. Мен мұны тек бізге үйрету 
үшін жасады деп ойлаймын».
(Мухаддис Зафар Ахмад, 
Иғлаус-сунан, 2-том, 237-бет. Бұл хадисті риуаят еткен 
кісілердің бәрі сенімді. Тек Иахия ибн Саламаны бірқатар 
ғалымдар әлсіз десе де, Хаким, Ибн Хиббан секілді хадис 
ғалымдары қуатты деп бағалаған). 
Міне, пайғамбарымыз (с.а.у.) «әминді» дауыстап 
оқыды деген хадисті риуаят еткен Уайл Ибн Хужр 
пайғамбарымыздың «әминді» жария айту себебінің 
«үйрету» мақсатында екенін айтуда. Пайғамбарымыз 
«әминді» дауыстап айтты деген негізгі хадистерді осы 
Уайл Ибн Хужрдың риуаят еткенін ескерсек, Ханафи 
ғалымдарының «үйрету мақсатында» айтуы мүмкін 
деген сөздерінің қаншалықты негізді екенін аңғаруға 
болады.
Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) әминді әрдайым жария 
айтқан болғанда, Омар, Али, Ибн Мәсғуд секілді саха-
балар іштен айтпас еді. Әбу Сағид 
«Омар да, Али да 
«бисмиллаһир-рахманир-рахимді» және «Әминді» 


170
Ислам ғылымхалы
жария айтпайтын еді»
– деп риуаят еткен. (Ибн Жарир 
әт-Табари, Тәһзибул-әсар. Бұл риуаятты жеткізген 
рауилердің бәрі сенімді, дұрыс. Тек Әбу Сағид әл-Баққал 
мудаллис болғанымен сенімді. Ал сенімді мудаллистердің 
риуаяты Ибн Хажар секілді бірқатар хадис ғалымдарының 
пікірінше дұрыс деп бағаланады).
Ханафи және Малики мәзһаб ғұламаларының 
әминнің іштей айтылуына байланысты басқа да көптеген 
дәлелдері бар. Ұзап кетер деген ниетпен бұл жерге жа-
зылмады.
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет