Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет97/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ескерту:
Қазіргі таңда қазақстандық 
мұсылмандар арасында «әминді» іштей айту мен жария 
айтуға байланысты көптеген дау-дамай болып жүр. 
Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әминге» байланы-
сты хадистерін төрт мәзһаб ғұламалары әр түрлі түсінген. 
Шафиғи мен Ханбали ғұламалары «әминді» жария айту 
керек десе, Ханафи және Малики ғұламалары іштей айту 
керек дейді. Яғни әр мәзһабтың өзіндік шариғи дәлелдері 
бар. Сондықтан біз жоғарыдағы ханафи ғұламаларының 
келтірген дәлелдерін «әминді» жария айтуға байланысты 
басқа мәзһабтардың келтірген дәлелдерін жоққа шығару 
яки мүлдем дұрыс емес деу үшін жазған жоқпыз. Тек 
айтпағымыз – әминді іштей айтуға байланысты Ханафи 
мәзһабының да өзіндік шариғи дәлелдері бар екенін, 
оның жай айтылған негізсіз үкім еместігін білдіру. Негізі, 
«әминді» жария яки іштей айту − дауласып, қызыл 
кеңірдек болып, бір-бірімізге ала көзбен қарайтындай 
аса бір маңызды іс емес. Маңыздысы – әминнің «Фатиха» 
сүресінен кейін ықыласпен айтылуы әрі періштелердің 
«әмин» деуіне дәл келіп, күнәлардың кешірілуі емес пе? 
Еліміздегі мұсылмандар ғасырлар бойы Ханафи мәзһабын 


171
Намаз
ұстанғандықтан халық арасындағы ауызбіршілікті 
сақтап, бүлікке жол бермеу әрі енді-енді намаздарын 
оқып үйреніп жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу 
мақсатында өзге көзқарастағылардың да әминді іштей 
айтуы абзал. 
«Әминнің» «Фатихадан» кейін айтылуы – сүннет. 
Ал оның іштей немесе жария айтылуы сол сүннетті 
түсінудегі көзқарас, түсінік қана жатады. Ал, Ислам 
үмбеті арасындағы ауызбіршілік пен сүттей ұйыған 
ынтымақ – парыздардың парызы. Ендеше, бір көзқарас, 
түсінік үшін ақырғы пайғамбар үмбетінің арасында 
бірлік пен ынтымаққа сызат түсіруге болмайтындығы 
айтпаса да түсінікті.
Сүннет әдебі
Әдеп – Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кейде 
істеп, кейде істемеген нәрселері. Ханафилар бұны
«мәндүп» немесе «мұстахап» деп атайды. Тәрк етуші 
айыпталмайды. Жасаса, абзал.
Намаздың әдебі:
1. Намаз кезінде сыртқы және ішкі көңіл жайланып, 
кішіпейілділікпен тұру.
2. Киіміне мән беру. Мысалы, түймелері ағытылмай 
қатардағы сарбаздай сәнді тұру.
3. Қаматта «Хаййа алал-фәлах» деген сәтте имам 
мен жамағаттың намаз үшін тұрулары.
4. «Қад қаматис-салаһ» (намаз басталды) деген 
кезде имамның намазға бастауы. Қамат айтылып жатқан 
кезде мешітке кірген адам дереу отырып, жамағатпен 
бірге тұрады.


172
Ислам ғылымхалы
5. Ерлер ифтитах (бастау) тәкбірін алған кезде, 
қолдарын жеңдерінің сыртына шығару.
6. Намазда мүмкіндігінше жөтелмеуге, кекірмеуге, 
есінемеуге тырысу және есіней қалса, аузын сол қолының 
сыртымен басу яки астыңғы ернін тістесе де ауызды 
ашпауға тырысу.
7. Жеке намаз оқыған кезде рүкүғ пен сәжде 
тәсбихтарын үштен артық оқу
208
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет