Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет99/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
11. Ерлердің сәжде еткен кезде білектерін түгелдей 
жерге тигізуі – мәкрүһ.
12. Намазда керілу немесе есінеу – мәкрүһ. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Есінеу – шайтаннан. Кімде-кім 
есінегісі келсе, шамасы келгенше жеңуге тырыссын»
212
деген.
13. Намазда себепсіз өз қалауымен түшкіру – 
мәкрүһ.
14. Жеті жерде намаз оқу – мәкрүһ. Бұларды Аллаһ 
Елшісі: 
«Күл-қоқыста, мал сойылған жерлерде, ма-
заратта, жол шетінде, моншада, түйе қорада және 
Қағбаның үстінде»
213
– деп, саралап атап айтқан.
15. Намазда тістерінің арасындағы ноқаттан кішкене 
бір нәрсені жұту – мәкрүһ. Одан үлкен болса, намаз 
бұзылады.
16. Дастарқан жайылып, тамақ әзір тұрғанда намазға 
тұру – мәкрүһ. Бірақ намаз уақытының шығуы жақындаса, 
ол бөлек.
17. Намазда көздерін жұму немесе көздерін көкке 
тігу, жан-жағына қарау немесе басын бұрып қарау – 
мәкрүһ. Негізінде намазда адамның көзін тартатын 
нәрселер болса, мұндай жағдайда намазды көңіл қойып 
оқу үшін көзін жұмуға болады. Ал көзін көкке тігу 
мәселесіне келсек, Аллаһ Елшісі былай дейді: 
«Бұл 
әрекетін тоқтатсын немесе Аллаһ олардың көздерін 
көр етеді»
214
.
18. Саусақтарын бір-бірімен айқастыру, шытырлату – 
мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Мешіттегі 
212
Бухари, Бәд’л-Халқ, 11. Әдәб, 127
213
әш-Шәукани, II 138
214
Бухари, Азан. 93.


175
Намаз
кісі – саусақтарын бір-бірімен айқастырмасын. 
Өйткені, мұндай іс-әрекет – шайтаннан. Мешіттегі 
кісі – сыртқа шыққанға дейін намазда»
215
. Әбу Һурайра: 
«Аллаһ Елшісі намаздарда саусақтарды шытырлатуға 
тыйым салды»
– деген.
19. Намазда сәлем бермей жатып терді немесе 
жүзіне жұққан шаң-тозаңды сүрту – мәкрүһ. Бірақ көзге 
кіретіндей болса, ондай терді сүртудің оқасы жоқ.
20. Имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге бару, одан 
бұрын рүкүғ немесе сәждеден басын көтеру – мәкрүһ. 
Бірақ имамға ұйыған адам имамнан бұрын рүкүғ немесе 
сәждеге барып, имам рүкүғке яки сәждеге бармай жатып, 
басын көтерсе, намазы бұзылады. Бұндай жағдайда, 
имам рүкүғтан яки сәждеден тұрмай тұрып, имаммен 
бірге рүкүғті яки сәждені қайтадан жасауы керек.
21. Қиям, рүкүғ және сәжде арасында тәкбір мен 
тәсбихтарды өз ретінен кейінге қалдыру – мәкрүһ. 
Мысалы, қиямнан рүкүғке барғаннан соң «Аллаһу әкбар» 
деу секілді.
22. Жанған отқа қарай намаз оқу – мәкрүһ. Өйткені 
мұнда отқа табынушыларға ұқсау бар. Жанған ошақ пен 
пеш, газ да осыған жатады. Шырақ, лампа, электр пеші 
бұған жатпайды.
23. Арасында ешқандай пердесіз бір адамның 
жүзіне тікелей қарап намаз оқу – мәкрүһ. Бірақ адамның 
арқасына қарап намаз оқуға болады.
24. Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке 
қысылып тұрып намаз оқу – мәкрүһ. Бұл тұрғыда: 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.): 
«Тамақ әзір тұрғанда және 
215
әш-Шәукани, II, 328


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет