Ислам ғылымхалы
кіші, үлкен дәреті қысқан адамның оқыған намазы
толық емес»
216
– деген сөзі бар.
25. Аз мөлшерде ластықтың дене немесе намаз
оқылатын жерде болуы – мәкрүһ.
26. Бір аяқпен тұру немесе бір аяғын бір аяғына
сүйеу – мәкрүһ.
27. Намазда киімді себепсіз кимей, иығына жауып
оқу – мәкрүһ.
28. Таза киімі бола тұрса да, кір киіммен оқу –
мәкрүһ.
29. Ерлердің күн ыстықта үстіне киім кимей оқуы –
мәкрүһ.
30. Ерлердің ешқандай себепсіз жібек киіммен намаз
оқу – мәкрүһ.
31. Киімнің шаңдануынан немесе тізесі шығып,
қырының бұзылуынан сақтану үшін, рүкүғ немес сәждеге
барған кезде киімді жайлап жоғары көтеру – мәкрүһ.
32. Адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен
намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету – мәкрүһ.
Бірақ, мұндай киімнің үстін басқа киіммен жауып оқыса,
ештеңе етпейді.
33. Намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы
мен солында жанды нәрселердің суреті тұруы – мәкрүһ.
Бірақ мүшелері жай қарағанда көрінбейтін кішкене бір
суреттің оқасы жоқ. Төлқұжат, куәлік, ақша сияқты
нәрселердегі суреттер қалта секілді жабық жерде болса,
ештеңе етпейді.
216
Муслим, Мәсажид, 67.
177
Намаз
Намазды бұзатын нәрселер
Намаздың сыртқы немесе ішкі парыздарының біріне
қандай да бір нұқсандық келсе, намаз бұзылады.
Намазды бұзатын нәрселер:
1. Намазда сөйлесу.
Намазда мейлі әдейі, мейлі
жаңылысып сөйлесе, намазы бұзылады. Намазда біреудің
түшкіргеніне «ярхамукаллаһ» (Аллаһ саған рақым етсін)
деген бір сахабаға Аллаһ Елшісі намаздан кейін былай
дейді:
«Намазда адамдық (қарым-қатынас) сөздерді
сөйлеу дұрыс емес. Намаз – тәсбих, тәкбір және Құран
оқудан тұратын ғибадат»
217
. Бірақ адамның өз-өзіне
«Ярхамукаллаһ» деуі намазды бұзбайды.
Адамның науқастығынан немесе бір затынан, бір
досынан айрылу секілді қайғылардан әріптер белгілі
болатындай дауыспен жыласа, немесе «аһ, уһ» секілді
дыбыс шығарып жыласа, намазы бұзылады. Бірақ адам
өз-өзіне ие бола алмай жыласа, еріксіз есінегендей
намазы бұзылмайды. Аллаһтан қорыққанынан немесе
жәннат пен жаһаннамды ойлап жылауы, есінеуі намазды
бұзбайды. Құран немесе хадистегі дұғаларды намазда оқу
намазды бұзбайды. Себепсіз екі әріп белгілі болатындай
түшкірсе, намазы бұзылады. Бірақ еріксіз табиғи түрде
түшкіру – бұдан тыс нәрсе. Намазда біреудің сәлеміне
тілмен жауап қайтару немесе қол алысып, құшақтасып
амандасу намазды бұзады. Намазда тұрған адамға «Алға
жылжы», «сап түзе» секілді сөз айтылып, ол да осыны
іске асырса, намазы бұзылады. Бұл – намазда Аллаһтан
басқасының бұйрығына бағыну. Бірақ өздігінен аздап
жанына жылжып орын беруі намазды бұзбайды.
217
әш-Шәукани, II, 314
178
Достарыңызбен бөлісу: |