А. М. Касенова. Стандарттау


Өнімнің, процестердің, жүмыстар мен қызметтердің



Pdf көрінісі
бет84/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   184
Өнімнің, процестердің, жүмыстар мен қызметтердің
сәйкестігін растау түрлері. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін талаптар. Сәйкестікті растау бойынша нормативтік
қүжаттарға қойылатын талаптар.
Өнім мен қызметтің сәйкестігін растау
Сәйкестік декларациясын қабылдау тәртібі.
Отандық 
өндірушілерді қолдау үшін жэне сертификаттау шығынын азайту 
үшін, ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сәйкестікті бекіту 
үшін халықаралық талаптарға сай келетін сәйкестік декларациясы 
қабылданды. Бірақ бүл тек отандық өнімдерге ғана қолданылады, 
ал импортталатын өнімдерге қолданылмайды.


118 Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Өнім өндіруші (сатушы, жеткізуші) өнімнің орнатылған та- 
лаптарына сәйкестігін дәлелдейтін құжаттармен ғана сәйкестік 
декларациясын алуына болады.
Сэйкестік декларациясы біркелкі талаптарға сай бекітілген 
белгілі бір өнім түріне немесе өнім тобына қолданылады.
Сәйкестік декларациясы мемстандарт бекіткен форма түрінде 
толтырылады және оған өнім өндірушінің (жеткізуші, сатушы) 
қолы қойылады.
Өнім өндіруші (жеткізуші, сатушы) сәйкестік декларация- 
сын алғаннан кейін өнімнің қауіпсіздігіне жэне сапасына Қазақстан 
Республикасының заң актілеріне сәйкес толықтай жауап береді.
Сәйкестік декларациясын тіркеу тәртібі
Өнім өндірушінің (жеткізуші, сатушы) алған сәйкестік декла­
рациясы сертификаттау жөніндегі үйымда тіркеледі.
Тіркеуге жіберілген сэйкестік декларациямен бірге келесідей 
қүжаттар тіркеледі:
1) тіркеу туралы өтініш;
2) бекітілген талаптарға өнімнің сай екендігін дэлелдейтін 
қүжаттардың көшірмесі;
3) өндірістің 
түрақтылығын 
дэлелдейтін 
құжаттардың 
көшірмесі (стандарттар мен нормативтік құжаттардың сақталуы 
туралы мемлекеттік актілердің көшірмесі, өндіріс тұрақтылығын 
ішкі бақылау актілерінің көшірмесі);
4) өнім өндірушінің сынақ зертханасының техникалық 
қүзырлығын бекітетін қүжатардың көшірмесі немесе сынақ 
жүргізетін аккредиттелген зертханалардың келісім шарты.
Сертификаттау жөніндегі ұйым келесілерді қарастырады жэне 
тексереді:
1) бүл өнімнің сэйкестік декларациясын қабылдай алатын 
өнімдер тізімінде бар болуы;
2) өндірушінің 
сәйкестік 
декларацияны 
қабылдауының 
қүқылығы;
3) Қазақстан Республикасының заңына сэйкес барлық талап 
етілген қүжаттардың болуы;
4) сәйкестік декларациясының дүрыс толтырылуы,


5) 
өнімнің сәйкестігін тексеру үшін көрсетілген құжаттардың 
декларацияға дұрыс жэне толықтай толтырылуы.
Тексерістің 
нәтижесі 
бойынша 
сертификаттау 
ұйымы 
сэйкестік декларациясын ҚР МСЖ Мемлекеттік реестірінің ар- 
найы бөлімінде тіркейді.
Мемлекеттік 
реестрде 
сэйкестік декларациясын 
алған 
өндіріс орнының толықтай атауы, мекен-жайы, сәйкестік 
декларациясының тіркеу номері, бекітілген сэйкестігі жэне 
сэйкестік декларациясының жарамдылық мерзімі енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет