4.3 Өлшеу құралдары және өлшеу дәлдігін арттыру әдістері 4.3.1 Өлшеудің кездейсоқ қателіктерін азайту әдістері:
а) көп қайталап өлшеу әдісі;
n өлшеу санын арттыра отырып, теория
жағынан
Х
бағасын (4.3)-ке сәйкес қажетті аз шамаға азайтуға болады;
б) көп арналы өлшеу әдісі (бір физикалық шаманың қатарлас өлшеуін
пайдалану); ол үшін бірден бірнеше ӨҚ-ды пайдалану және бақылау
нәтижесін бірлесіп өңдеу қажет.
4.3.2 Өлшеудің жүйелік қателіктерін азайту әдістері:
а) өлшеуге дейін жүйелік қателіктер көздерін жою;
б) өлшеуден кейін түзетулер енгізу жолымен жүйелік қателіктерді жою
әдістері;
в) дәлірек ӨҚ пайдалану.
4.3.3 ӨҚ дәлдігін арттыру әдістері. Мұнда да жоғарыда қарастырылған
өлшеу дәлдігін арттырудың әдістері пайдаланылады:
а) саны көп өлшеулер әдісі;
б) көп арналы өлшеу әдісі;
в) ӨҚ статикалық сипаттамасын тұрақтандыруға қолданатын
параметрлік тұрақтандыру әдісі (конструкторлық-технологиялық әдіс).
Параметрлік тұрақтандыру ӨҚ-ін дәл және тұрақты элементтерден жасау,
магнитті және электрлік өрістерден ӨҚ экрандау, термостабилизациялау
жолдарымен іске асырылады; бұл әдіс ӨҚ жүйелік және кездейсоқ
қателіктерін азайтады;
г) құрылымдық әдістер ӨҚ көмегімен алынған ақпаратты қолдана
отырып олардың дәлдігін арттыру мақсатымен ӨҚ құрамына қосымша
тораптар, элементтер және шаралар қосуда негізделген.
Тақырып бойынша қосымша мәліметтерді [1-5,8,9] алуға болады.
20
№5 дәріс. Өлшеу нәтижелерін оңдеу Дәріс мазмұны: тура және жанама
бірреттік
және саны көп өлшеулердің
қателіктері; өлшеу нәтижесінің анықталмағандығы.
Дәріс мақсаты: тура және жанама
бірреттік