5.4 Өлшеу нәтижесінің анықталмағандығын бағалауға халықаралық ұсынымдар 1978 ж. өлшеу нәтижелерінің сапасын бағалау сұрақтарында
халықаралық бірлік жоқ деп жариялану себебінен, метрологтар қоғамы
Өлшемдер мен салмақтардың Халықаралық комитетіне осы сұрақ бойынша
келісілген ұсынымдарды құрастыру тапсырылды; ұсынымдар қателіктерді
бағалаудың дәстүрлі емес амалдарында негізделуі кепілденеді.
Осы ұсынымдарды жасау әрекеттері 1986 ж. келесі жұмысты баспадан
шығарумен аяқталды: «Өлшеу анықталмағандығын көрсету нұсқаулығы».
«Нұсқаулықтың» негізгі талаптары келесі болып табылады :
- «өлшеу қателігі» түсініктемесі орнына
«өлшеу анықталмағандығы» түсініктемесі ендіріледі;
-
А типті және
В типті анықталмағандық түсініктемелері енгізіледі;
- А типті және В типті анықталмағандықтар және өлшеу нәтижесі сан
жағынан «стандартты ауытқу» (орта квадраттық ауытқу) көмегімен
бағаланады.
«
Өлшеу анықталмағандығы »
түсініктемесі
келесідей
беріледі:
«өлшенетін шамаға дәлелді меншіктелетін мәндер дисперсиясын сипаттайтын
өлшеу нәтижесімен байланысты параметр».
А типі бойынша бағалау байқаудың бір сыпыра қатарларын
статистикалық талдау жолымен орындалады және байқалатын таралудан
алынатын ықтималдықтың тығыздылық функциясы көмегімен стандартты
анықталмағандық мәндерін алады.
В типі бойынша бағалау үшін қолданылады:
-
алдын ала орындалған өлшеу нәтижелері;
-
сәйкес материалдар мен аспаптар қасиеттері мен олардың жүріс-
тұрыстары туралы жалпы білімдер немесе тәжірибелерден алынған
мәліметтер;
-
өндірушінің спецификациясы;
-
калибрлеу туралы куәлікте немесе басқа сертификаттарда келтірілетін
мәліметтер;
-
анықтама әдебиеттерден алынған мәліметтерге меншіктелген
анықталмағандықтар.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [1-10] алуға болады.