1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет6/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
 Биологиялық тітіркендіргіштерге
макро және микроорганизмдердің әсері жатады. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды 
тітіркенгіш
ұлпалар деп атайды. 
Оларға жүйке, бұлшықет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап 
береді. 
Қозу
аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және 
биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. 
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді 
немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу тәрізді тірі ұлпалардың белсенді 
қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет 
баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. 
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде 
сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, 
қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске 
асады. 
Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан 
оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға 
байланысты.Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқыш) деп аталатын 
арнайы молекулалық құрлымының қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш-
аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны 
жұмсайды. 
Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері 
Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше параметр қолданылады. Қозу табалдырығы, 
әсердің пайдалы уақыты, хролаксия, лабилділік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын
өлшем-қозу табалдырығы. Қозу табалдырығы деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің
ең аз өлшемін айтады. Әсердің пайдалы уақыты тітіркендіргіштің әсері оның күшіне ғана
байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады. Хролаксия деп тінді қоздыратын екі
реобазаға тек күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады.
Аккомодация жылдамдығы (аккомодация бейімделу). Аккомодация жылдамдығы тінді 
қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді.
Лабильділік (тұрақсыздық ) белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсетеді. Қозу барысында
мембрананың потенциалы әрекет потенциалына айналады. Тірі организмде көптеген потенциалдар 
кездеседі (электр тоғы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет