1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет4/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Акселерация 
дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. 
Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы 
денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.


Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар: 
- жаңа туған нәрестелердің ірі болуы; 
- белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы; 
-ерте жыныстық жетілу;
-баланың сүйегінің ерте қатаюы; 
-бойдың өсуінің ерте тоқтауы. 
Адам жасының кезеңдері 
 
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура 
келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты 
адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. 
Жас кезеңдері
деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық 
ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін 
зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында 
адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген: 
1.
Нәресте- алғашқы 10 күн; 
2.
Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы; 
3.
Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы; 
4.
Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы; 
5.
Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала); 
6.
Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала); 
7.
Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала); 
8.
Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер); 
9.
Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер); 
10.
Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер); 
11.
Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер); 
12.
Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары. 
2-тақырып. Қозу физиологиясы 
1.
Физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік 
2.
Сыртқы және ішкі орталардың әсері - тітіркендіргіштер 
3.
Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет