1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Қуықтың құрылысы мен қызметі
. Қуық – қуыс мүше. Сыйымдылығы 300-800 мл. Қуықтың 
несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшықеттері - күшті сфинктер (гр. – қысып ұстаймын) бар. Бұл 
еттер жиырылып қуықты аштырмай несепті ұстап тұрады. 
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығында несеп жиналып, 
оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар 
тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері жұлындағы және мидағы орталықтарға барады (афферентті 
жол). Одан (ОЖЖ) тепкіш нервтері (эфференттік жол) арқылы қозу қуыққа келеді де қуық еттері 
жиырылып сфинктер босайды, қуық ашылады. 
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. 
Энурез
. Емшектегі балалар несепті рефлекторлы еріксіз түрде шығарады. Ал ересек балалар өз 
еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. 2 жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық 
жетіледі. Бірақ сәбилердің 5-10%-да 13-14 жасқа дейін түнде еріксіз несеп шығаруы байқалады, яғни 
энурез
(грек. ен -шығамын+ур – несеп) байқалады. Ол ерте балалық шақта көп кездеседі, кейбіреулері 
ем қолданбайды, кейбіреулері жыныстық жетілу кезінде тоқталады. Бұл сырқаттың себебі әртүрлі болуы 
мүмкін: 
-
қуықтың қабыну аурулары; 
-
бүйректің немесе нейрогендік психикалық кемшіліктерге байланысты болуы мүмкін. 
Энурезі бар балаларды 4 топқа бөледі: 
1. Емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Баланың ұйқысының жөнсіз қатты 
болуынан. 
2. Ұзақ сырқаттылар, дұрыс тәрбиелеп, емдесе басылып кетеді. 
3. Үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар. 
4. Өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (тері 
ауруларының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады. 
Кейде жыныс мүшесінің гигиенасы дұрыс болмауына да байланысты пайда болады. 
Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ 
ұсынылады немесе керісінше ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда тұзды су беруге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет