1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


-тақырып. Сыртқа шығару жүйесі. Балалардағы энурез



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
12-тақырып. Сыртқа шығару жүйесі. Балалардағы энурез 
1.
Сыртқа шығару мүшелері және олардың қызметтері 
2.
Бүйректің құрылысы және қызметі 
3.
Несептің түзілуі 
4.
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері 
5.
Қуықтың құрылысы мен қызметі 
6.
Энурез 
 
 
Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда сыртқа шығару мүшелері маңызды рөл 
атқарады. Сыртқа шығару мүшелері арқылы қажет емес сулар, тұздар, улы заттар ағзадан шығарылады. 
Бұл заттар ағзадан өкпе, ішек, бүйрек, тері арқылы шығарылады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа 
шығару мүшелерінің қызметі зор. 
Бүйректің құрылысы және қызметі
. Бүйрек жұп мүше, бел омыртқаларының екі бүйірінде 
орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақ бүйректен сәл жоғары орналасқан. Әр бүйректің массасы 120-
150 г. Бүйрек екі қабаттан тұрады: сыртқы қызғылт қоңыр түсті 
қыртысты
және ішкі ақшыл 
милы
қабат. Бүйректің сырты дөңес, ішкі жиегі ойыстау болады. Осы ойыс жиегінен бүйрекке қантамырлары, 
нервтері және несепағар кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек 
түбегі 
болады, ол бүйрек 
тостағаншаларына
жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан ұшында 
бүртіктері
болады. 
Бүйректің қыртысты қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен тұрады. Бір бүйректегі 
нефрон саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсысының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның 
ішінде Мальпиги шумақтары (қантамырлар шумағы) бар. Капсуланың өзі екі қабаттан тұрады. Ішкі 
қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс 
қабатының бойындағы өзектер 
алғашқы иірім
каналына айналады. Олар бүйректің милы қабатына еніп, 
иірімдері жазылып 
Генле иініне
айналады да, қайтадан қыртыс қабатына өтіп
екінші деңгейлі иірім 
каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия 
тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны 
юкстагломерулалық
комплекс деп атайды.
Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қан қысымын 
және қантамырлардағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроцитердің 
өндірілуіне әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет