277
тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған
болса, о да тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілер ту-
расында айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тари-
хына қатысы бар сөз болғандықтан, бұ да тарихи жыр табына
жатады.
3. Айтыс өлең.
Айтыс – екі палуан күрескені сияқты, екі
ойыншы ұтысқаны сияқты, екі
батыр жекпе-жек ұрысқаны
сияқты, екі ақынның бірін-бірі сөз жүзінде аңдып, бірінің-
бірі қапысын тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері. Ақындар
әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі сөзбен шаншып, жеңеді.
Әрқайсысы
сөзбен шаншуға қолайлы, осал-оңтай жерін із-
дейді. Басында, ісінде, жұртында,
ұлтында болған осалдық,
кемшіліктерді айтып, сөзбен ұялтып яки сөзбен қамап, жан-
жағын бөгеп, тоқтатады. Сондықтан ақындар бірінің жайын
бірі
білмейтін болса, әркімнен әдейі сұрастырып, мағлұмат
жинайды. Елентай мен Болық айтысқанда Елентайға Болық
қиын
сұраулар беріп, мүдіртпек болған. Жарылқасын қожа
мен Айқын айтысқандағы бір-бірінің басындағы, ғамалындағы
міндерін айтып, мүдірту талабында болған. Оған болмаған соң,
әйел басындағы жалпы кемшілікті айтып жеңген.
«Кеншімбай мен Ақсұлу» айтысында елдеріндегі кемшілік,
осалдық жағын айтып, бас адамдарының осал істерімен айтып,
мүдіртпек болған. «Жанақ пен Баланың» айтысында ел жағына
да, ақындардың өз жағынан да тию талабы байқалады. «Қазақ
пен Ноғай» айтысында қазақ ноғай жұртының мінін айтып,
ноғай
қазақ жұртының мінін айтып, мүдірту қамында болған.
Қазақта айтыс өлең көп, бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып,
сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға
бет алып барады. Мұның да бәрін жазып алып қалмаса, бұ да
анайы әдебиеттің өшетін, жоғалатын түрі.
Достарыңызбен бөлісу: