А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет122/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

Хикаят

Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері 
хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен 
шығарған сөздер емес, діннен басқа жағынан да өнеге көрсету 
үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі бола- 
ды.
М ы с а л: 
Бекер босқа жүргенше бойды балап, 
Жақсы депті әр іске қылған талап. 
Пайғамбары құданың заманында 
Жүреді екен бір жігіт бекер қарап. 
Қылып жүрер бір жұмыс өзге пенде, 
Бекер жүрер бірақ та сол көргенде. 
Түс суытып, қарамай өтеді екен 
Ол жігітке Пайғамбар кез келгенде.
Жолыққанда бір сапар күліп өтті, 
Көргеннен-ақ қарасын күлімдепті. 
«Сахабалар тақсыры-ау, күлмеуші еңіз, 
Не себептен күлдіңіз бүгін?» – депті.
Айтты сонда: «Себеп бар күлгенімде, 
Күлмеуші едім жолықса ілгеріде. 
Екі шайтан қасында жолдас еді
Бекер қарап ілгері жүргенінде.
Отыр екен бұл сапар жерді сызып, 
Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып. 
Келіп екі періште, қасында отыр! 
Сол себептен күліп ем көңілім қызып».
Бекер жүрген батады бәлекетке,
Адам болсаң, жолама ол әдетке. 
Құры қарап жүргеннен артық дейді 
Пайдасыз бекер қылған әрекет те.
 (Молда Мұса)
3. 
насихат.
Насихат деген – ақыл, үгіт мағынасындағы сөз, 
діндар дәуірдегі үгіт өлеңді шығарушылар насихат деп атаған. 


311
Діндар дәуірде насихат айтушылар насихатын да шариғат жо-
лына тіреп айтқан. Мәселен, Әбубәкірдің ұрыға айтқан насиха-
тында былай дейді:
Бала едің иман жүзді, жылы деген
Жігітке тәуір ат па ұры деген. 
Ақсақал батасын ал, бұлай етпе, 
Берекет таба алмассың мұныменен. 
Адалда, бір де болса, берекет бар, 
Арамның ер байымас мыңыменен.
Не пайда көрді ата-анаң асыраған
Кемдікке арланады асыл адам. 
Дүниеде берекетті бақыт табар 
Құдайдың бергеніне тасымаған. 
Алланың рақметінен құр қалады 
Жаһанда сендей болған пасық адам. 
Кемдікке еті қызып ренжімес 
Сүйекте қасиет жоқ жасық адам. 
Жаһанда кім десеңіз ұры болар, 
Алланың рақыметінен қашық адам.
Сол Әубәкірдің қатынға айтқан насихатында мынадай сөз 
бар:
Ей, қатын, араз болма, еріңменен! 
Бәлені шақырмаңыз көрінбеген. 
Қажымен қарап тұрып дұшпан болсаң, 
Басың да қатар болар өлімменен. 
Үгіттеп екеуіңді қоса келдім – 
Ағашты жабыстырған желімменен.
Бұл қажы жас күнінде қызды құшқан, 
Алаштан таңдап алып, сізді құшқан. 
«Қатынның ері – пірі» деген сөз бар, 
Еріңмен тірлікте болма дұшпан. 
Еріне қызмет қылған жақсы әйел 
Сиратта қыл көпірден құстай ұшқан. 
Жан болсаң ақылың бар, түсінерсің, 
Көрсеткен, ей, жеңеше, менің нұсқам. 
Жақпаса қатын ерге – жатқа жақпас, 
Екінші, тірлігінде халыққа жақпас. 
Ішіне қараңғы көр кірген күні 
Кеп болар қайыр, ғазап тыныш жатпас.
Насихат болады мынадай сөздер де:


312
1) Атқа мінген азамат,
Халалдық қыл да, тап залал! 
Пайдасын ақыр көрерсің. 
Харамдық қыл да, пайда тап!
Залалын ақыр көрерсің. 
Бүгін жеген қатыңды 
Таңында бір күн берерсің. 
Алып барар малың жоқ,
Иманыңменен төлерсің. 
Пақыр, міскін кез келсе, 
Дүниеде қайыр қыл! 
Мақшарда нұрға қанарсың. 
Жетім менен жесірге 
Қор тұтынып сөз айтпа, 
Сен де сондай боларсың. 
Досыңа жақсы орын бер! 
Кетсе, өзің қонарсың. 
Мектепке бер, балаңды! 
Залым болса – жаннемге, 
Ғалым болса ағарсын. 
Жазғытұрғы тұқымға 
Не шашсаң, соны орарсың. 
Жамандықты кейін қой! 
Бүгін кейін қалсаң да, 
Ақырында озарсың.
 (Әбубәкір)
2) Билер, пара жемеңіз!
Жалғанды жолдас демеңдер, 
Ақырет қамын іздеңдер! 
Жанға тіпті тимеңдер!
Кісі ақысын алмаңдар! 
Аузыңа арам салмаңдар! 
Дүние жиып өткен жоқ 
Бізден бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын, үлкендер! 
Құдайдан қапы кетпеңдер! 
Әлің келсе, Мекке бар, 
Старшын, болыс болам деп, 
Ысырап қып мал төкпеңдер!
 (Шортанбай)


313
4.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет