309
Малайы құдіреті көп паруардегер,
Құдайға жақсы пенде құлдық қылар.
Малыңнан қайыр, зекет бермей өтсең,
Ақыретте қарныңнан тас шығарар.
Қиссаның қысқаша мазмұны мынау: Қарынбайға зекет бер-
гіз деп Құдайдан Мұсаға әмір келеді. Мұса Қарынбайға барады.
Қарын малы сөзсіз көп бола тұрып, Мұсаға мал союға қимай,
мысық сойып, алдына әкеліп қояды.
Мұса «мыш-мыш» дегенде,
табақтағы ет мысық болып
тұра келеді. Қарынға қатты ашуланады, бірақ «малыңнан зе-
кет берсең, мысық сойған күнәңді кешемін»,– дейді. Қарын:
«Саған зекет беретін қолайлы малым жоқ»,– дейді. «Зекет
бермесең, жер жұтсын!»,– деп, ақырында періштелер келіп,
жер кіндігін тартады. Жер тартып, Қарын белуарынан кіреді.
Мұса қолынан ұстап тұрып: «Зекет бересің бе?»,– деп сұрайды.
Қарын: «Өлтірссң де бермеймін»,– дейді. Мұса: «Тарт, тағы!» –
деп әмір еткенде, Қарын жерге иегінен енеді. «Зекет бермесең,
Құдай жүзін көрмейсің, малың шаян болып шығады. Жаһаннам
түбіне кетесің»,– деп Мұса үгіттесе де, Қарын болмайды.
«Өлтірсең өлтіре бер, бірақ мал бер деген сөзді аузыңа алма!»,–
дейді. Мұса: «Өз обалың өзіңе, бар!» дегенде, Қарынды мал-
мүлкімен жер тартады. Сол күйі мал-мүлкімен әлі күнге дейіп
Қарын жерге жұтылумен барады дейді. Қиссаның аяғында жа-
зушы былай деп тағы үгіттейді:
Әй, мұсылман
жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз!
Бірлігін хақтың біліңіз!
Хақ жолымен жүріңіз!
Пәк болады дініңіз.
Бұ дүниенің, жарандар,
Сағатындай болмайды
Ақыретте күніңіз.
Әй, жамағаттар, жарандар!
Сөзіме құлақ салыңыз!
Жақсыдан ғибрат алыңыз!
Арам болар, жарандар,
Зекетсіз жиған малыңыз.
Шариғаттан
сөз айтқан
Молданың тілін алыңыз!
310
Құдай берген таусылмас,
Өлшеп берген дәміңіз.
......................................
Бұл сияқты сөздердің мақсаты айқын болғандықтан, көп сөз
қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы көп, үйткені зекет
берсе, молдаға беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны көп,
әсіресе тілге келтіретін зияны есепсіз.
2.
Достарыңызбен бөлісу: