331
да, адамның да жақсы жағын алуға болады. Онда да уақиғасы
да, адамы да көркейтуді көтергенше ғана көркейтіледі. Әуезе
жыр ақын тарапынан ұлттың ұлы адамына сөзден жас
алған
жәдігер есебіндегі нәрсе.
Әуезе жыр мен тарихи
жырдың арасындағы айырмасы
сол, тарихи жырдағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген
сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды.
Олай етпесе, тарихшылар тарихты білмегендіктен иә қате
түсінгендіктен, тарих мағлұматын бұзып отыр деп кінәлайды.
Әуезе жырды шығарушының қиялы еркін болады.
Тарих
мағлұматы сияқты арнасынан шығармай қайырып, иіріп оты-
ратын мұнда бөгет жоқ. Бұған қоятын шек жалғыз-ақ, алған
уақиға мен адам көркейтуді көтеру, көтермеуі. Көркейтуді
көтермейтін уақиғамен
адамды көркейтіп жіберсе, өтірік бо-
лып шығады.
Әуезе жыр әдемі сөздің түрі болғандықтан, әдемілеу әдісінің
бәрі де істеледі.
Көріктеу, меңзеу, әсерлеу түрлерінің бәрі де
жұмсалады.
Әуезе жыр мысалдары: Мұқамбетжанның «Топжарғаны»,
Шәкәрімнің «Жолсыз жазасы», «Қалқаман–Мамыры», Мағ-
жанның «Баян батыры» сияқты сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: